» » Сенатор құрылыс нысандарын аралады

Сенатор құрылыс нысандарын аралады

Апта басында өңірге іс сапармен келген ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы аудан басшысы Мұса Қалдарбековпен бірге «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында жұмыс жүргізіп жатқан аудандағы бірқатар құрылыс нысандарын аралады.

Алғашқы сапарын Төретам кентінде бастаған ол №22 35/10 кВ қосалқы стансасын кеңейту және қайта құрылымдау жұмысының барысымен танысты. Одан кейін «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы арқылы Ақай ауылындағы №17 «Алақай» балабақшасы ғимаратында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмысын көрді.
Биыл Төретам кентінде Абай, Жахаев, Нұртуған жырау, Құлқашев көшелеріне орташа жөндеу мен жарықтандыру жұмысы қолға алынған. Одан бөлек, тренажерлық және стритболдық алаңның құрылысы салынып, Жанқожа батыр көшесіндегі №27, №29 көпқабатты тұрғын үйлердің аумағын абаттандыру мен №80 орта мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылуда.
Сонымен бірге, Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасы мен Төретам кенті ауруханасына барып, дәрігерге дейінгі қабылдау кабинеттерін, мүгедектерге арналған бөлме және провизорлық стационар жұмысының жабдықталуын арнайы аралап көрді. Сондай-ақ Байқоңыр қаласындағы №275 мектеп ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазір оның жылу, әрлеу жұмысы аяқталып, есік-терезесі жаңартылған.
Мұрат Бақтиярұлы мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын пысықтап, кезекші сыныптарды енгізу, мектепте карантиндік талаптың сақталуы мен білім берудің онлайн форматына ауысу мәселесі туралы ой-пікір алмасты. Мемлекеттік білім беру стандарты бойынша ұсынысын білдіріп, шешу жолдарын талқылады.
Сонымен бірге, сапар аясында Төретамдағы ашылуға дайындалып жатқан сауда үйі мен базарға да аялдады.
Сенатор кезекті сапарын Жосалы кентінде жалғастырды. Онда орталық Қорқыт ата көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолын салу құрылысымен танысты. Құрылыс жұмысын жүргізуге жергілікті тұрғындар тартылған. Сонымен қатар, өңірден шыққан тауар, шикізат көздері құрылысқа пайдаланылуда.
«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында кенттегі бірқатар әлеуметтік нысандарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтсақ, №15 мамандандырылған балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, балалар кітапханасы мен №6 «Айсұлу» балабақшасы ғимаратына ағымдағы жөндеу жүргізілген.
Елге келген сапарының қорытындысында ҚР Парламенті Сенатының депутаты М.Бақтиярұлы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында жүргізіліп отырған құрылыс жұмыстарына оң бағасын беріп, айтулы шаруаның аудан дамуына серпін беретінін жеткізді.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
Қазбек ТАЙБАҒАРОВ (сурет)


15 тамыз 2020 ж. 578 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 177

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 144

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 298

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930