» » Құрылыс жұмыстарының қарқынын қадағалау

Құрылыс жұмыстарының қарқынын қадағалау

Қармақшы ауданы әкімінің міндетін атқарушы Біржан Далабаев Жосалы кентіндегі құрылыс және абаттандыру жұмыстарымен танысты.

Биылғы балалар жылына орай аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес «Тәуелсіздік» ықшам ауданында салынып жатқан балалар ойын алаңының құрылыс барысын бақылады. Жалпы Қармақшы ауданы бойынша бюджеттен тыс көздер арқылы 5 балалар ойын алаңқайы салынуда. Қазіргі таңда олардың құрылыс жұмыстарының 80 пайызы аяқталып, қазан айында толығымен пайдалануға берілмек.

Одан соң Ү.Томанов көшесіндегі «Шығыс» каналын темірбетон лотокпен қаптау жобасымен танысты. Аталмыш жоба бойынша қазіргі таңда тек қажетті материалдар жинақталғанына көз жеткізіп, сондай-ақ монтаж жұмыстарын мерзімге сәйкес бітіру керектігін тапсырды.

Сонымен қатар, бұқаралық спортты дамытып, халықтың спорттық нысандарға қолжетімділігін арттыру мақсатында «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында салынып жатқан спорт кешенінің жұмысын бақылады. Әрі қарай, орталық аурухананың жылу қазандығын табиғи газға ауыстыру жұмыстарын көрді. Жосалы кентінде абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқан бірқатар көшелерді аралады.

Біржан Далабайұлы барлық құрылыс және абаттандыру жұмыстарына жауапты мердігерлермен кездесіп, құрылыс жұмыстарын сапалы және мерзімінде атқаруды жүктеді.
12 қыркүйек 2022 ж. 607 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 238
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031