» » «Бақылау қырандары» қоғамдық қозғалысының есебі

«Бақылау қырандары» қоғамдық қозғалысының есебі

6 қазан – референдум күні «Бақылау қырандары» бақылаушылар тобы Қазақстан бойынша 10 қалада атап айтқанда, Алматы, Астана, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Жезқазған, Тараз, Талдықорған, Талғар және Қонаев қаларында бақылаушылық жасады. Барлығы 1800 учаскеде дауыс беру процесінің шынайы әрі таза өтуін бақылады. 
«Бақылау қырандары» бақылаушылар тобын құру туралы бастама көтерілгеннен бастап, есімдері елге белгілі саясаттанушы азаматтар біздің бастамамызды қолдады. Алматы қаласындағы Бас штаб пен өңірлік штабтарда әр аймақтарда пікір қалыптастырып жүрген, қандай да бір партиялық тізімде жоқ көшбасшылар таңдалып алынды. Алматы қаласындағы штаб пен өңірлік штабтар бақылаушыларлы оқыту жұмыстарын жоғарғы деңгейде өткізді. 
«Бақылау қырандары» бақылаушылар тобы жасақталған күннен бастап, рефередумға бір күн қалғанға дейін Алматы мен өңірлік штабтарда барлығы 2 мыңдай бақылаушы оқытылып, рефередум күні дауыс беру учаскелеріне 1800 бақылаушы кіргізілді. 
Бақылаушылар тобы қоғамдағы сергек саналы, белсенді азаматтардан жасақталды. 200-ден аса бақылаушы форс-мажорлық жағдайлар туындауы мүмкін деген қауіппен резервтік тізімге қосылды.
Әрбір бақылаушы өздеріне бекітілген дауыс беру учаскелерінде 6 қазан таңғы сағат 06:00-ден, кешкі 20:00-ге дейін тапжылмай отырып, бақылаушылық жасады. Сонымен қатар, бақылаушылар референдумның әділ өтуі мақсатында әлеуметтік желілер арқылы жазбалар жазып, қоғамды азаматтық белсенділікке шақырды. Посттар дауыс беруде заңды сақтау, әділ дауыс беруге үгіттеу, заң бұзушылықтан аулақ болуға шақыратын сарында жазылды.
Біздің бақылаушылар түгел дерлік сайлау учаскелерінде кешкі 20:00 де шықты.Олардың бастапқы толтырылған сайлау құжаттары қазір біздің штабпен саралануда. 
Дегенмен, жалпы алғанда, референдумның өту процесіне біздің тараптан оң баға беруге болады деп есептейміз. Дауыс берушілердің сайлау мәдениеті, коммисия мүшелерінің оларға деген қарым-қатынасы, заңдылық, жоғарғы деңгейде болды. 
Сонымен қатар, бақылау барысында, 1800 учаскеден біздің 2000-ға жуық бақылаушыларымыз ірілі-ұсақты 50-ден аса кемшіліктерді байқап, оларға қатысты протоколдар толтырған. 
Атап айтқанда кейбір учаскелерде өзге бақылаушылар тарапынан әсіре агрессия, кейбір жерлерде кабинаға топ адамдардың кіруі, куәлігі жоқ адамдардың дауыс беру фактілері байқалған.
07 қазан 2024 ж. 95 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 100

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 134

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 275

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930