» » Сұранысқа сай мамандық

Сұранысқа сай мамандық

Әлемде адамдарға көмек көрсетуге бағытталған сан алуан мамандық бар. Солардың бірі – дефектология. Бұл мамандықты ерекше деп атауға болады, өйткені ол бірден бірнеше ғылымның элементтерін біріктіреді, яғни педагогика, медицина, психология. «Дефектология» термині екі сөздің бірігуінен құралады. Олар – «defectus» латын тілінен аударғанда «болмау» немесе «жетіспеушілік» дегенді білдіреді, «logos» грек сөзі «ілім» деп аударылады.
Мамандық 4 саладан тұрады. Олар олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог және логопед. Оның ішінде дефектология – табиғи ерекшелігі бар баланың түсінігін қалыптастырып, әлеуметтік ортаға бейімдеу арқылы зейінін тұрақтандыруды мақсат етеді. Олигофренопедагогика – ақылесі кем балаларды тәрбиелеу мен оқыту туралы ғылым. Сурдопедагогика – естімейтін және нашар еститін балаларды оқыту, тәрбиелеу және кохлеарлық импланттары, есту аппараттары бар балаларды оңалту жұмысын жүргізетін маман. Ал логопед – сөздік қоры арқылы тілдің мүкістігін, оның бұзылу себептерін жан-жақты жүйелі түрде баланың сөйлеу тіліндегі ақауын зерттеп, оның анық сөйлеуін, дыбыстың дұрыс шығуын қалпына келтіреді. Жалпы, бала өздігінен, ересек адамның ықпалынсыз сөйлеуді үйренбейді, себебі оның жүйке жүйесі жанындағы адамның сөйлеуі арқылы дамиды.
Логопед-дефектолог мамандығы бір-бірімен тығыз байланыста. Бұрын логопед-дефектолог маманы туралы жиі айтыла бермейтін. Қазір бұл мамандық сұранысқа ие. Оған себеп құрсақта жатқан кезінен баланың дұрыс дамымай, витаминдердің жетіспеуі, балаға көңіл бөлінбеуі, цифрлық гаджетті бала қолына ұстатуы, тұқым қуалау әсерінен тілінде күрмеуі бар және ерекше балалар санының артуы. Баланың сөйлеу қабілетіндегі бұзылыстар сыртқы және ішкі факторға байланысты. Сыртқы себептері: экология, жүйке жүйесінің бұзылысы, қарым-қатынас ортасы, селқостық, цифрлық гаджет, шулы орта. Ал ішкі себептері: анасының жүктілік кезі, босану, генетикалық аурудың берілуі, көру-есту жұмысының бұзылуы, соматикалық ауру, бас миының зақымдануы, гипербелсенділік, жанындағы адамның темекі шегуі, кесар тілігі сияқты құбылыстар баланың тіл күрмеуі мен аутизм болып тууына зиянын тигізеді. Емдемес бұрын ең бірінші атаананың танымын кеңейтеміз. Себебі әлеуметтік өмірде атааналар қателікке бой алдырады. Оны өздері де байқамайды. Үй тіршілігінде бала мазасын алса, сәби кезінен бастап көп жылайтын болса, есімін айтып шақырғанда қарамаса, ата-ана дабыл қағу керек. Яғни дәрігерге барып, бала денсаулығын зерттеу керек.
Ал тіл кемшілігін сәби кезінен байқауға болады, яғни тілдің жереншегі қысқа болса ана сүтін еме алмайды. Сондай-ақ бала 1 жасқа келіп, тілі шығып сөздерді айта бастағанда бізге логопеддефектологқа көрсету керек. Бірінші баланың денесін, бұлшық етін тексереміз. Егер бала табанындағы тепе-теңдікті сақтай алмаса, дұрыс сөйлей алмайды және қисық сөйлейді. Осы арқылы тіл ақауын ертерек анықтап, алдын ала ем жүргіземіз. Бірақ көп ата-аналар баласындағы ақауды 3 жастан асқанда біледі. Себебі үй тіршілігінде жүрген ата-ана баласы жыласа көбіне планшет, ұялы телефон немесе интернеттегі жасына сай емес мультфильмді қосып беріп, уақыт шектеуліктерін қоймайды. Әрине, заманауи құрылғыларды пайдаланған дұрыс, бірақ ол бала тілінің күрмеуіне алып келеді.
Жалпы тілдегі ақауды жою үшін барлығы баланың түсінігіне, санасына және науқастың ауру деңгейіне қарай жұмыс жасалынады. Мысалы, ерекше балаларды біз толық адам қатарына қосылады деп айта алмаймыз, бірақ өзге әлемнен шығарып, қоршаған ортаға бейімдейміз. Ал саналы балаға түрлі жаттығуды қолдану арқылы дұрыс сөйлеуді үйретеміз.
Өкінішке орай елімізде бала денсаулығына қатысты күрмеулі мәселе күн санап артып келеді. Осыған байланысты дефектология мамандығына сұраныс өте жоғары. Соның ішінде логопед саласы мамандары сұраныста.
Бақыткүл АХМЕТОВА,
№85 орта мектеп психологы
03 қазан 2024 ж. 162 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 008

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031