» » Түзете-дамытудың тиімді әдіс-тәсілдері

Түзете-дамытудың тиімді әдіс-тәсілдері

qarmaqshy-tany.kz Аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің ұйымдастыруымен «Ерекше балаларды түзете-дамытудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында аудандық семинар-практикумы өтті.
Оның негізгі мақсаты – ерекше білім беруді қажет ететін балаларды түзете-дамытуда тиімді әдіс-тәсілдерін пайдаланудың жолдарын көрсете отырып, тәжірибе алмасу. Түзете-дамыту жұмыстарында тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қоршаған ортаға бейімдеу, білім іс-әрекет дағдыларын қалыптастыруға үйрету, танымдық ерекшеліктерін дамыту.
Семинарға аудандық білім бөлімінің әдіскері Айгерім Кенжебаева және аудандық мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің әдіскерлері, логопед, дефектологтары, психологтар қатысты.
Жиында ППТК басшысы Л.Мұсаева мекеме базасы жайлы ақпарат беріп, семинар-практикумның маңыздылығына тоқталды. «Тәжірибелік сабақтар» бөлімі бойынша кабинет педагог-логопед маманы М.Жүсіпова «Зондпен логопедиялық массаж және тейптеу», педагог-дефектолог маманы Г.Нұрпейісова «Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен кешенді жүргізілетін дидактикалық ойындар мен әдістемелер», педагог-логопед Г.Кенімбаева «Артикуляциялық жаттығулардың кинезиологиямен байланысы», педагог-дефектолог Р.Абдраман «Баланың сенсорлық, сенсомоторлық жүйесімен жұмыс», әлеуметтікпедагог Г.Досмырзақызы «М.Монтессоридің педагогикалық жүйесі және оның маңызы», ЕДШ нұсқаушысы Н.Әлібекқызы «Жалпы моторикамен жұмыс», педагог-тәрбиеші маманы Б.Шорманова «Ерте жастағы балалар аутизмі туралы түсінік», педагог-психолог Р.Бұйрабаева «Түстерді ажырату» жайында баяндама жасап, балаларды жеке және топтық оқытуда практикалық жұмыстарын көрсете отырып, әдіс-тәсілдерімен бөлісті.
Жиын соңында сала мамандары өзара пікірлерін ортаға салып, тәжірибе алмасты.
«Қт» ақпарат
23 ақпан 2023 ж. 711 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930