"Ерекше балалардың "қызығушылығын арттыру жолдары
Жуырда аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің ұйымдастыруымен ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсету және жаңа технологияларды пайдалана отырып түзете-дамыту жұмыстарын жүргізу мақсатында «Ерекше балалардың қызығушылығын арттыру жолдары» атты білім саласы қызметкерлерінің аудандық семинары өтті.
Байқоңыр қаласы мен Төретам кентін және аудан орталығы мен барлық елді мекендегі мектептердің арнайы білім саласының мамандары, логопед, дефектолог және психолог мамандары қатысуымен өткен шарада аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі Ләззат Мусаева қатысушыларды кабинет базасымен таныстыра келе, мекеме бойынша бала тәрбиесі аясында атқарылып жатқан жұмыстарды саралады. Семинар жұмысы одан әрі емдік дене шынықтыру нұсқаушы Р.Абдраманның «Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған емдік дене жаттығулары» атты жеке сабағымен және педагог-психолог маманы М.Өтебасованың «Мен зейінді баламын» тақырыбындағы топтық сабағына жалғасты.
Семинар барысында логопед маман М.Жусупова «Ж дыбысын буында, сөзде және сөйлемде машықтандыру. Жабайы жануарлар» атты және А.Тілеуованың «Дифференцация звука Р и Л» тақырыбындағы жеке сабақтар өткізілсе, педагог –дефектолог маманының «Түзете-дамыту ойындары арқылы мүмкіндіктерін жетілдіру» топтық сабағы мен әлеуметтік педагог «Аяқ киім түрлерімен танысу» тақырыбындағы жеке сабағы көрсетілді.
Семинарда оған қатысушылар өз пікірлерін ортаға салып, ойларын ортаға салды.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
«Қармақшы таңы».
«Қармақшы таңы».