Шығармашылық шеберлік-ұстаздардың кәсіби шыңы
Қызылорда облыстық оқу орталығында «Сәндік қолданбалы және бейнелеу өнері сабақтарында балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту» тақырыбында балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын педагогикалық жұмыскерлерге арналған республикалық біліктілікті арттыру курсының оқу-тақырыптық жоспарына сәйкес Қорқыт ата мемориалдық кешеніне саяхат жасау барысында Қармақшы аудандық оқушылар үйінің тыныс-тірші…лігімен танысу мақсатында «Шығармашылық шеберлік-ұстаздардың кәсіби шыңы» тақырыбында шеберлік сағаты болып өтті. Аталмыш шараға Республикамыздың түкпір-түкпірінен қосымша білім беру ұйымдарынан 30 маман келіп қатысты.
Шеберлік сағатының негізгі мақсаты қосымша білім беру педагогтарының біліктілігін арттыру, әдістемелік көмек көрсету, шығармашылықтарын дамыту болды. Шара басында сөз алған аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Шарапатов Ғабидулла Әбдірайымұлы келген қонақтарға ыстық лебізін білдірді. «Үкілі домбыра» үйірмесінің мүшесі Әбенова Меруерттің орындауында арнау айтылып, бір топ үйірме мүшелерімен флешмоб орындалды. Сонымен қатар, қонақтардың психо-эмоционалды көңіл-күйін көтеру, психологиялық жағымды ахуал орнату мақсатында педагог-психолог Жұмағазықызы Фариза «Сәлемдесу» тренингін жүргізді. Шара аясында аудандық оқушылар үйінің ұстаздарының дайындаған шеберлік сағаттары көрсетілді. Атап айтқанда, “Африкалық бойжеткен” тақырыбында “Көркемөнер” үйірмесінің жетекшісі Сериева Сәуле, “Кәде сыйлар” тақырыбында “Шебер қолдар” үйірмесінің жетекшісі Өскелеңов Самат, «Пластикалық заттардын канделябр жасау» тақырыбында “Көркем безендіру” үйірмесінің жетекшісі Қаналбеков Қайсар шеберлік сағаттарын, «Жалын атқан жүрекпен “Руханият” әлеміне» тақырыбында “Руханият” үйірмесінің жетекшісі Құлбарақова Көркем мүмкіндігі шектеулі оқушылармен ашық сабақ көрсетті. Шара барысында қонақтар өзара тәжірбие алмасып, ой бөлісті. Республикамыздың әр қаласынан келген қонақтар «Қорқыт-Ата» мемориалды кешеніне саяхат жасап, тарихымен танысып, өзара тәжірбие алмасып жарқын леппен тарасты