» » Сапалы білім – барлығы үшін

Сапалы білім – барлығы үшін


ҚАЗІРГІ ТАҢДА БАРЛЫҚ ӘЛЕМ ЖҰРТШЫЛЫҒЫНЫҢ НАЗАРЫН АУДАРЫП ОТЫРҒАН МӘСЕЛЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕКЕ СҰРАНЫСТАРЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ, ОТБАСЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА ҚАРАСТЫРАТЫН ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ.
Осы мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз – барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беруге толық енгізу және әлеуметтік ортаға бейімделуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни жалпы білім беру саласында оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеология­сы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады.
Инклюзивті білім беру немесе «Білім баршаға» бағдарламасы – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілген. Сонымен инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін мектептерде білім мазмұнын үш түрлі бағдарлама бо­йынша реттеген абзал. Атап айтқанда, жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары, мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары, мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы.
Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 1990 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Ал біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілді.
«Жол картасы – 2020» бағдар­ламасы бойынша 2020 жылдың ақпан айында Ү.Томанов атындағы №183 орта мектеп жанынан Инклюзивті қолдау орталығы ашылды. Орталық мектеп базасында орналасқан. Қолдау орталығы 4 кабинетпен (арнайы психолог, логопед, дефектолог және арнайы ойын кабинеттерімен) қамтылған.
Арнайы психолог және арнайы дефектолог, логопед мамандармен қамтылған. Оқу кабинеті соңғы заманауи үлгідегі оқу құралдарымен жабдықталған. Онда ерекше күтімді қажет ететін мектеп бойынша 21 ерекше қолдауды қажет ететін бала білім алады.
Мұнда балалармен жеке жұ­мыс кабинеті мен ойын бөл­месі қарастырылған. Арнайы маман­дардың қолдауымен оқушы­лар қалыпты балалардың қатарына қосу – мектеп-лицей мамандарының мақсаты. Ерекше балалармен жұмыс істеу үшін педагогтар арнайы курс­тардан өтіп, біліктілігін арттырған.
Қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту – оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық бала­лардың мұқтаждықтарын ес­керіп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты бі­лім беру жүйесіне енгізу арқылы оқу­шыларды адамгершілікке, із­гі­лікке, қайырымдылыққа тәр­биелей аламыз. Сонымен қоса, ин­клюзивті оқыту үрдісі балаларды то­леранттылыққа тәрбиелеудің бас­тауы болмақ.
Гүлбаршын ӘБІЛТАЕВА,
«Инклюзивті қолдау» орталығының психологы
02 сәуір 2022 ж. 728 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 228

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 333

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930