» » » Гүлзия Дүйсембаева: "Инклюзивті білім беру – өмір қажеттілігі"

Гүлзия Дүйсембаева: "Инклюзивті білім беру – өмір қажеттілігі"


Зайырлы да демократиялық қоғамда баланың бәрі бірдей. Бөліп-жаруға жол берілмейді. Ерекше балалардың жағдайы да әркез мемлекет қолдауында. Олардың білім алуы мен қоғамға араласуы да назарда ұсталады. Осы ретте, қолжетімді әрі инклюзивті білім беру жүйесін қалыптастыру бойынша аудандық білім бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Гүлзия Дүйсембаевамен сұқбаттасқан болатынбыз.
– Гүлзия Қараманқызы, түсінікті болу үшін алдымен инклюзивті білім беру дегеніміз не, соған тоқталып өт­сеңіз?
– Инклюзивті білім беру дегеніміз – бұл барлық баланы, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге (жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамастан), балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау көрсете отырып, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждығы бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттау­да қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балалардың жетістікке жетуіне, жақсы өмір сүру жағдайына септігін тигізеді.
– Ауданда ерекше қажеттілігі бар қан­ша бала бар, олармен қалай жұмыс жүргізесіздер?
– 2021-2022 оқу жылында психо­логиялық медициналық педа­гогикалық консультациясының қоры­тындысына сәйкес ауданымызда 449 ерекше білім беруді қажет ететін бала анықталған. Олардың ішінде 141 бала мектепте оқыса, 67 бала арнайы психикалық дамуы тежелген сыныпта, 146 бала үйден оқытылуда. Мектепке дейінгі білім беру мекемесіне қамтылған бала саны 11-ді құраса, әлеуметтік қызметпен қамтылғаны 41, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіне тартылғаны – 43 бала. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті мен психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы сыныпта қызмет көрсетіледі. Сондай-ақ, инклюзивті ортаны қалыптастыру бағытында 19 мектеп арнайы маманмен қамтылған. Бірқатар мектепте логопункт жұмыс жүргізсе, арнайы сынып №80, №30, №279, №269 мектептерде бар. Ерекше қажеттілігі бар балалармен 19 дефектолог, 6 логопед, 17 педагог-ассистент, 3 арнайы психолог маман жұмыс жүргізеді.
– Инклюзивті ортаны қалып­тас­тырудағы атқарып жатқан іс-ша­ра­ларды атап өтсеңіз?
– Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолда­уында мүмкіндігі шектеулі балалар үшін инклюзивтік ортаны қалыптастыруда 2020-2022 жылдарға арналған өңірлік Жол картасы бойынша біршама жұмыстар қолға алынған. Соған орай, білім беру ұйымдарында инклюзивті ортаны қалыптастыру мақсатында жос­парлы іс-шаралар қабылдануда. Атап айтқанда былтыр №272 мектеп базасынан 1 аутизм кабинеті ашылып, оған 9 педагог-ассистент алынса, кабинет 3 млн теңгеге толығымен жабдықталды. №183 мектептен ресурстық орталық ашылып, дефектолог, логопед, арнайы психолог мамандармен қамтылды. Мұнда да 4 кабинет 12 млн теңгеге қаржыландырылды. Сондай-ақ, №277, №250, №105 мектептердің инклюзивті қолдау кабинеттері 9 млн теңгеге жабдықталып отыр. Осы жылы Жол картасымен 8 мектепке дефектолог бірлігі беріліп, мамандармен қамтамасыз етілді. №107, №274, №99 мектептерде инклюзив қолдау кабинеттері беріліп, 9 млн теңгеге жабдықталды. №99 мектепте 1 аутизм кабинеті берілсе, 4 тьютор маман алынды. Кабинет 3 млн теңгеге жабдықталса, №272 мектепке 5 тьютор мама­ны жұмыспен қамтылды. Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жүргізетін мамандардың біліктілігін арттыруда былтыр Қазақ Ұлттық қыз­дар педагогикалық университетімен келісім-шарт жасалып, «Инклюзивті білім беру үдерісін әдістемелік қолдау» тақырыбында онлайн біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды. Онда 120 маман біліктілігін арттырса, 2 маман қайта даярлаудан өтті. Биылғы жылдың сәуірінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығымен келісім-шарт жасалып, «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған білім берудің жаңартылған мазмұнын іске асыру жағдайында инклюзивті білім беру» тақырыбында онлайн курсы ұйымдастырылып, оған 120 маман қатысты. Алдағы уақытта қайта даярлаудан 2 маманымыз өтеді деп отырмыз. 2020 жылы арнайы бағдарламамен оқы­тылатын ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін 200 мың 200 теңгеге 92 дана комплект әдістемелік құралдар таратылды. Биыл 1 млн 168 мың тең­геге 436 дана комплект оқулықпен қамтамасыз етілді. Өткен жылы үйден оқытылатын балалардың диагноздарына сәйкес, 26 балаға ноутбук, планшет берілсе, осы жылы арнайы компьютерлік тренажерлар (мультикид, дэльфа) алуға қажетті қаражат 8 мектепке беріліп, құрылғылар толық алынды.
– Біліктілікті арттырудың қан­ша­лықты маңызды екенін жақсы білеміз. Десе де, оның ішінде неге аса көңіл бөлесіздер?
– Дұрыс айтасыз. Біліктілікті арттыру кезінде негізінен оқытушылардың психологиялық құзіреттілігі мен психологиялық мәдениетін көтеруге баса назар аударудамыз. Мұғалімдермен көбірек сөйлесіп, қолдап отырамыз. Аудандағы 2048 педагог жас ұрпаққа тәрбие мен білім береді десек, соның 503 мұғалімі инклюзивті білім беруге байланысты арнайы жетілдіру курсынан өткен. Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таба беретін болады.
– Сұқбатыңызға рақмет.
Әңгімелескен
Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА
01 желтоқсан 2021 ж. 1 488 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 738

Сұхбат

Мәдениет

Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.
БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

08 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 791

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031