» » Баланың бәрі бірдей

Баланың бәрі бірдей

Қаладан ауылға ерекше көмек қажет ететін балалармен жұмыс жасауға өз үлесімді қосуға ауыл мектебіне арнайы шақырту алдым. Адам баласына көмектесу – игілікті істердің бастамасы.
Осы жылы бірнеше іріктеу кезеңінен өтіп, Тұрмағамбет ауы­лындағы Т.Ізтілеуов атын­дағы №29 орта мектебіне дефектолог маман болып жұмысқа орналастым. Ең алғаш ұстаз деген атаққа ие болдым.
Десе де қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала күнімнен армандадым.
Дефектология – педагогиканың көру, есту, сөйлеу мүшелерінде, ақыл-ойының дамуында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін ғылымның арнаулы саласы. Бұл саладағы зерттеу нұсқасы мүмкіндігі шектеулі балалар, яғни тәрбиелеуі қиын балалар. Алдымызға келген әрбір баламен жұмыс жасауға қажымас қайрат пен батырлық қажет.
Бірнеше жұмыс түрін атап айтсам, ұсақ қол моторикасы (саусақ жаттығуы). Балалардың ұсақ моторикасын дамыту қазіргі заманда ең өзекті мәселе. Балалардың психикасы мен бас миының іс-әрекетін зерттеген кезде ғалымдар оларға қол функцияларының үлкен ықпал тигізетінін айтады. Баланың қалай дамып келе жатқанын көрсететін, оның интеллектуалдық қабілетін айғақтайтын дәл ұсақ қол моторикасы екендігі белгілі. Өкінішке орай, практика көрсеткіші бойынша қазіргі заманғы балалардың жалпы моторикасы және тіл дамуының жетілуі төмен деңгейде, ол көбінесе жасы кіші балаларда байқалады.
Тіл жаттығуы (артику­ляциялық жаттығу) түрімен де балаларға көмек беріп, қуанғандарына мен де сүйсіне қараймын.
Артикуляциялық жаттығу де­геніміз не? Дұрыс сөйлеу тілін қалыптастыруда алдымен дыбыс­тарды қоюымыз қажет. Сол себепті дайындық кезеңі ретінде ауыз қуысына жаттығулар жасалып тілді жаттықтырамыз. Ол балалардың дыбыстарды дұрыс айта білуіне көмектесетін жаттығу түрі. Артикуляцияны дұрыс қалыптастыру үшін арнайы жаттығулар қолданылады. Жаттығулар қойылатын дыбысқа байланысты жүйеленеді және ерін, тіл қимылдарының қалпын дағдыландыруға бағытталады. Балаларды қызықтыру үшін және жаттығуды ойларына сақтап қалу үшін әр жаттығу әртүрлі атпен аталады.
Әрбір мамандықтың өз қызық, қуанышы болады. Маған әсіресе балалармен жұмыс істеу жаныма жақын. Сөз соңында айтарым, мен барша достарымды ауылға мұғалім болып келуге шақырамын. Жаңа Қазақстанды бірге құрайық! Жұмыс барысында балалардағы көп ілгерілеу мені қатты қуантады.
Ермек ЖАНАХМЕТОВ,
№29 мектептің
дефектологы
30 сәуір 2022 ж. 849 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 228

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 333

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930