» » ҮМІТ СЫЙЛАҒАН БӨЛМЕ

ҮМІТ СЫЙЛАҒАН БӨЛМЕ

Бір-біріне соқтығысқан пенделер жұмысқа асығып әлек. Қоғамдық көлікте де адам нық толы. Бірі – анда, бірі – мұнда әйтеуір күнделікті күйбең тіршілік. Бірақ, бір сәтке болсын айналаға зер салып көрдіңіз бе? Тіпті «шүкіршілік» етуді де ұмытамыз. Тек жұмыс ерте бітіп, демалуға уақыт тапсақ болғаны. Ал, кейде ашуымызды үйде ойнап жүрген баладан аламыз. Ішерге асы бар, аяқ-қолымыз сау болғаннан артық не керек? Қоғамымызда ерекше балалардың да бар екенін ұмытпайықшы.


Ерекше балалар демекші ауданда арнайы білім ошағы, яки психо­логиялық-педагогикалық түзе­ту кабинеті бар. Бұл орталықтың мақсаты не, қандай қызмет атқарады? Ойдағы сауалға жауапты ашық есік апталығынан таптық. Нысан – ата-аналарды арнайы маманның жұмысымен таныстыру, түзете-дамыту сабағына бірлесе жұмыс істеуге жұмылдыру. Алғаш 25 баламен жұмысын бастаған кабинет бүгінде 70 баланың өміріне үміт сыйлап отыр. Жалпы арнайы білім беру ошағы «Дамуында проблемалары  бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу»,  «Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консуль­тациялық көмек көрсету»   мемлекеттік  қызмет көрсету талаптарына сәйкес кабинетке түзету-дамыту сабағына келетін балаларға және олардың ата-аналарына қызмет  көрсетеді. Биылғы оқу жылында аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі 502 бала болса, оның 70-і  түзету кабинетіне жолдама алған. Оның ішінде логопед маманына –  46, дефектолог маманына – 26, психолог маманына –  20, емдік дене шынықтыру нұсқаушысына – 19, әлеуметтік педагог маманына – 10 бала тіркеліп, түзету жұмысын алуда.

– «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік  басқару туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары негізінде  облыс әкімдігінің 2005 жылғы 1-наурыздағы №331 санды қау­лысымен және облыстық білім басқармасының 2005 жылғы 15-наурыздағы №74 санды бұйры­ғымен  «Қармақшы ауданының  психологиялық-педагогикалық  түзету кабинеті» мемлекеттік  мекемесі  болып құрылды. Жалпы кабинет мүмкіндігі шектеулі балалардың түрлі санаттарына, соның ішінде 18 жасқа дейінгі психикалық, ақыл-ой дамуы кешеуілдеген, тірек-қимыл аппараты, есту, көру, сөйлеу қабілеті бұзылған, ерте жастан аутизммен зардап шегуші, эмоциялық-ерік жа­ғынан кемшілігі бар балаларға психологиялық және педагогикалық тұрғыда көмек көрсетеді, – дейді арнайы білім беру ошағының басшысы Ләззат Мусаева.

Ашық есік күні ата-анаға арналған тренингтен басталды. Мұнан соң ата-аналар кабинеттің тыныс-тіршілігімен танысты. Шара М.Жүсіпованың «Р дыбысын қою», Г.Нұрпейсованың «Сиқырлы сандар», Р.Абдраманның «3 жасқа дейінгі балалармен жүргізілетін емдік дене шынықтыру жаттығулары», Г.Досмырзақызының «Ыдыс-аяқ түрлерімен танысу», А.Алтаеваның «Ойын арқылы танымдық қызметін дамыту» тақырыбындағы сабағымен жалғасты. Балалардың көз жанарынан қуаныштың, ата-ананың күлкісінен үміттің, ризашылықтың нышаны байқалады. Шара соңы еркін пікір алмасумен жалғасты.

– Қызымның осы бөлмеге келіп жүргеніне біршама жыл болды. Осы уақыт аралығында тіліндегі және тірек қимыл аппаратындағы кемшілігі түзеліп, нәтиже беруде. Бүгін өткі­зілген мамандардың сабағына қатысып, көріп отырмын. Балама сабақ ұнады, білікті мамандарға, балалар тәрбиелеп отырған арнайы білім беру кабинетіне алғысымды білдіремін, – деді Ләззаттың анасы Әсем Көпбосынова.

Ескерерлік жайт, аудандық бюджеттен кабинетке балаларға   түзете-дамыту сабағын сапалы  жүр­гізу мақсатында  арнайы  құрал-жабдықтар алуға былтыр 5 млн. 422 мың теңге қаржы бөлінген. Бүгінде сол Қаршыға  түрлі құрал-жабдықтар алынып, балалар игілігін көруде. Жалпы кабинет  №250 мектеп базасының   6 бөлмесінде орналасқан. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі балалардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында түрлі сайыстарға қатыстыру жолға қойылған.

Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
19 желтоқсан 2018 ж. 1 816 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031