» » ШАШТАРАЗ – ҰЯЛАТЫН КӘСІП ЕМЕС

ШАШТАРАЗ – ҰЯЛАТЫН КӘСІП ЕМЕС

Бүгін дүйсенбі болған соң ба, шаштараз іздеп біраз әбігерге түстік. Алған тапсырмам шаштараз туралы жазу. Барған жердің есігінде қара құлып. Үміт арғы беттегі жалғыз шаштаразда болды. Алайда, бүгін оларға да демалыс күні екен. Әрі күтіп, бері күтіп болмаған соң еңсеміз түсіп жұмысқа қайтуға тура келді. Қырсыққанда теміржол өткелінде жолды жауып тастады. Тым-тырыс. Пойыздың тарсылы ғана естіледі. Фототілші Қазбек ағайдың даусы тереңге кеткен ойымды бөліп жіберді. «Қызым-ау, мына өткел түбінде тұрған шаштаразды қара. Жақында ашылған-ау деймін» деді. Есігі де айқара ашық тұр екен. Қуанғаннан екеуміз де шаштаразға кіруге асықтық.
Асығып-үсігіп шаштаразға да кірдік. Іші ұядай жинақы. Жанға жылу береді. Ілінулі тұрған көкжәшікке қарап, жайлы жерде үнсіз отыра бергің келеді. Хош. Алдымыздан жас жігіт шықты. Шаштараз иесін сұрағанымызда жылы шырай танытып, күте тұруымызды өтінді. Есіктен шаштараз иесі де кіріп келді. Бойшаң келген жап-жас жігіт. Езуіндегі күлкісі ашық мінезді екенін аңғартады. Арада көп уақыт өтпей қалай әңгімелесіп кеткенімізді де аңғармай қалдық. Бұл шаштараздың иесі – Қуаныш Тәтімбетов еді. Ол «Бізде қандай кәсіп аз, не істеуге болады» деген сауалға жауап іздейді. Ойлана келе осы шаштараз кәсібін дөңгелетуге бел буады. Ал, нәтижесі жаман емес. Ашылғанына аз уақыт болса да, тұрғындарға жол тауып үлгерді. Қызмет бағасы да көңілге қонымды. Әйелдер мен ерлер шашына – 500 теңге болса, балаларға – 300-400 теңге алады. Шаштараз 3 адамды жұмыспен қамтып отыр. Мұнда тырнақ, бет әрлеу секілді қызмет түрі де бар. Отбасылық кәсібінен нәсіп көріп отырған Тәтімбетовтердің ендігі мақсаты – алдағы уақытта шаштаразды кеңейтіп, тағы да қызмет түрлерін қосу.
– Бүгінде кәсіби шаштараздың қызметіне жүгіну оңай емес. Себебі, уақытыңмен қоса қалтаңды да біраз жұқартуға тура келеді. Нағыз маман сіздің бет-келбетіңіздің артық жерін жасырып, шаш үлгісі арқылы бет пішініңіздің формасын үйлестіре алады. Тұтынушыны жалықтырып алмау үшін де әсерлі әңгіме айтып, шаш күтімі жөнінде пайдалы кеңестермен бөлісу де өнер. Кез келген шаштаразшы шашты тараудан бастап, қию, бояу, бұйралау, химиялық жолмен сәндеу технологиясын, әр түрлі шаш үлгілерімен жұмыс жасауды жетік меңгеруі тиіс. Тіпті клиент үшін шашты дұрыс жуып, бас терісін уқалай білу де маңызды рөл атқарады. Қолданатын құрал-саймандарды да дұрыс таңдай білу кәсібилікті талап етеді. Әсіресе, жасалуы күрделі, мерекелік, қалыңдыққа арналған шаш үлгілерін епті жасай білсең, ерлер шашын сәнді қия білсең, еңбегің соғұрлым жемісті болмақ, – дейді Қуаныш Тәтімбетов.
Ежелгі Египеттен бастау алған бұл мамандық ең көне әрі өміршең мамандықтардың бірі десек, бүгінде – шаштаразшылар бәсекесінің нағыз қызған шағы. Күнделікті шаш үлгісін жасату үшін әйелдер жылына кем дегенде 11 рет, ал ерлері 10 рет шаштараз қызметіне жүгінеді екен. Осыдан-ақ көрер көзге қарапайым шаштараздың қандай сұранысқа ие екенін бағамдай беріңіз.
Айнұр АЙДАРҚЫЗЫ,
Қазбек ТАЙБАҒАРОВ (сурет),
«Қармақшы таңы».
11 қыркүйек 2018 ж. 3 626 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 037

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031