» » ИТ ПЕН МЫСЫҚ ҰСТАЙСЫЗ БА?

ИТ ПЕН МЫСЫҚ ҰСТАЙСЫЗ БА?

Адам баласы қауымдасып ғұмыр кешкенде ең алғашқы қолға үйреткен жануары ит екен. Содан бері бірге серік болып келеді. Еңбегі де сіңген болуы керек. Қазақ халқы итті «жеті қазынанын» ішіне кіргізуі де тегін емес. Мысықтың жайы да белгілі. Үйіміздің төрінді алаңсыз пырылдап ұйықтауына қарағанда, олардың да көптен бері пендеге әбден бауыр басқаны көрініп-ақ тұрады. Ит пен мысық туралы аңыз әнгімелер де жетерлік. Аңыздың астарында шындық жатады дегенді ескерсек, сол аңыздар арқылы көп жайдан хабар алуға да болады.
Бір отырыста ит пен мысық туралы әңгіме басталып кетті. Олардың жаман жағы да, жақсы қасиеттері туралы да бір талай айтылды. Өмірде ит пен мысық туралы шынайы болған жағдайларды айттық. Сонда есіткенімді көпшілікке жеткізуді ойланып, қолыма қалам алдым. Сол әңгіме барысында қасымдағы жас жігіт үйінде болған жайды былайша баяндады.
-Жаздың күні болатын. Күн ыстық. Түскі тамақты ішіп алып, салқын бөлмеге кіріп демалып жатқанбыз. Далада ит байлаулы тұратын. Сол ит күндегідей емес, бүгін бір бөлек әдет шығарып, мазасызданып, үрмесі бар ма? Әрі-бері шыдап жаттым, болмады. Содан не жағдай деп сыртқа шықсам, тамақ пісіретін сарайдан түтін шығып жатыр. Жүгіріп барсам, газ пештің үстіндегі сүт әбден күйіп, өртенуге бет алған екен. Енді болмаса, бой бермей кететіндей шамасы бар. Отты уақытылы сөндіріп, аман қалдық. Иттің мазасыздануы соған байланысты екен. Сөйтіп сарай да аман қалды, ит те бірден тынышталды, - деп өткен оқиғасын сыр қылып шертті.
Содан әңгімені әрі қарай жігіт ағасы жалғастырды.
-Бір інімнің үйінде мынадай жағдай болған. Қыстың күні. Үй жылытатын пеш кіре беріс бөлмеде болған. Түнде от жағады. Ортадағы бөлме есігі жабық тұрады. Түн ортасында үйдегі мысық мияулап, есікті тырналап, тыным таппайды. Содан болмаған соң, үй егесі тұрып, жарықты жақса, үйдің бөлмелеріне түтін кіре бастапты. Есікті ашып қараса, от жағатын пеш тұрған бөлме жанып жатыр екен. Содан үйдегілерді тұрғызып, жабылып жүріп жаңған отты өшіреді. Сөйтіп аман қалған. Егер мысық болмағанды, Құдай бетін әрі қылсын, не болатының кім білген? Үйдің егесі содан кейін үйіне барған адамдарға «мынау бізді оттан құтқарған мысық» деп ризашылықпен айтып отыратын.
Әңгімеге мен де араластым: «Қызылорда қаласында тұратын қарындасымның үйінде мынадай жағдай болған. Жаздың күні. Балалардың алаңсыз ойнауына қолайлы шақ. Үйдегі кішкентайлар далаға ойнауға кетеді. Олардың күнделікті әдеті, ешқайсысы оған алаң болмайды. Түскі ас ішетін уақыт болады. Дастархан жайып тамаққа отырғанда ғана баласы Еркебұланның жоқ екенің біледі. Көршілерді қарайды, олай-бұлай жүгіреді, бала жоқ. Болады-ау деген жердің бәріне барады. Енді қорқа бастайды. Бәрі жиналып, далада абдырап тұрса, үйдегі ит бұларға қарап үріп, үйдің артына қарай жүгіріп кететін көрінеді. Алғашында оған ешкім мән бермейді. Содан салы суға кетіп, амалдары таусылып тұрғанда біреуі «мына ит неге жүгіріп жүр, білейікші» деп иттің соңынан ереді. Сөйтсе, ит үйдің артында тұрған көне, жарамсыз болып қалған мұздатқышқа қарап үретін көрінеді. Мұздатқыштың есігі сыртқы тұтқа арқылы ашылады, ішінен ашылмайды. Есігін ашса, ішінен баласы ес-түссіз жерге сылқ етіп құлап түседі. Бала малмандай қара терге малыңған. Содан қол-аяғын уқалап, жасанды дем беріп, баланың бетін бері қайтарады. Егер ит болмағанда, сәл кідіргенде баладан айырлып қалады екен. Ит жасырымбақ ойнап жүріп, соған кіргенде баланы байқап қалған екен. Сол оқиғаны еске алсақ Еркебұлан «мені құтқарған, маған екінші өмір сыйлаған, сол ит қой» деп ағынан жарылады».
Қазір ит пен мысық ұстайтын үй көптеп кездеседі. Ұстамайтындар да бар. Ол әркімнің өз еркі. Біз осы үй жануарларының өз егелеріне қаншалықты пайдасы тигенін шынайы әңгіме еттік.
Дастан Мырзабекұлы
31 мамыр 2018 ж. 3 894 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 024

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031