» » «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында сертификат табысталды

«Қарызсыз қоғам» жобасы аясында сертификат табысталды

Бүгін қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында Жосалы кентінде 5 күнге жалғасқан оқыту-семинары аяқталды.
Айта кетейік, аудан бойынша жыл аяғына дейін 800-дей адамды оқыту жоспарлануда.
Бүгін 88 қатысушы оқытудан өтіп, қаржылық сауаттылықты арттыру курсын сәтті аяқтады.
Қатысушыларға семинарды қаржы эксперті Балдырған Мәмен өткізді. Жобаға қатысушылар жобаға қатыса отырып өз қаражатын тиімді басқаруды және шығынды оңтайландыруды, қаржыға қатысты проблемалық мәселелер қалай пайда болатынын, несиелік қарыздар санын азайтудың қандай жолдары барын, алаяқтық әрекеттерді қалай анықтау қажет екенін хабардар болып, қаржылық білімдерін кеңейтті.
Апталық дәрісті сәтті аяқтаған Жосалы кенті тұрғындарына партия филиалының ардагері, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы ардагер ұстазымыз Раева Күлжауһар Төлегенқызы арнайы сертификаттар табыстады.
Өз кезегінде қатысушылар жобаның тиімділігі өте жоғары екенін айтып, ұйымдастырушыларға шынайы ризашылықтарын білдірді.
Айта кетейік, азаматтардың қаржылық сауатын ашуына мүмкіндік беретін бұл жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше қолдауына ие болған.
04 қазан 2024 ж. 491 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 631
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 403

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031