» » «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында сертификат табысталды

«Қарызсыз қоғам» жобасы аясында сертификат табысталды

5-9 тамыз күндері ауыл тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында Жосалы кентінде 5 күнге жалғасқан оқыту-семинары аяқталды.
Айта кетейік, аудан бойынша жыл аяғына дейін 800-дей адамды оқыту жоспарлануда. Оқытудың төртінші аптасында 103 адам оқытудан өтті. Қазіргі таңда аудан бойынша жалпы 276 адам оқыту курсын аяқтады.
Кент тұрғындарына семинарды қаржы эксперті Балдырған Мамен өткізді. Жобаға қатысушылар жобаға қатыса отырып өз қаражатын тиімді басқаруды және шығынды оңтайландыруды, қаржыға қатысты проблемалық мәселелер қалай пайда болатынын, несиелік қарыздар санын азайтудың қандай жолдары барын, алаяқтық әрекеттерді қалай анықтау қажет екенін хабардар болып, қаржылық білімдерін кеңейтті.
Апталық дәрісті сәтті аяқтаған Жосалы кенті тұрғындарына «AMANAT» партиясы Қармақшы аудандық филиалының төрағасы Ә.Қошалақов арнайы сертификат табыстады.
Өз кезегінде қатысушылар жобаның тиімділігі өте жоғары екенін айтып, ұйымдастырушыларға шынайы ризашылықтарын білдірді.
Айта кетейік, азаматтардың қаржылық сауатын ашуына мүмкіндік беретін бұл жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше қолдауына ие болған.
11 тамыз 2024 ж. 393 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 097
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 751

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031