» » Сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді

Сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі саналады. Бүгінде бiз мүлде жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Оның негізгі сипаты iскерлiк болса, бұл жолда жетiстiктерiмiз де аз емес. Десе де, елiмiзде сыйбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы заңдар қабылданып, соған сәйкес атқарылып жатқан жұмыстар болғанымен бұл мәселе әлi толық шешiмiн таппауда.
Мемлекеттің дамуына кері әсер ететін жағдайларды сонау ғасырларда ата-бабаларымыз дөп басып, «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп айтып кеткен. Олардың әділдік пен турашылдықты ту еткенін Төле, Қазыбек, Әйтеке билеріміз, басқа да біртуар қайраткерлеріміз бен би-шешендеріміздің өмір жолдары дәлел болатынын тарихтан жақсы білеміз. Данагөй билеріміздің турап айтар туралығымен, кесіп айтар әділдігімен, шешіп айтар шешендігімен есімдері тарих бетіне алтын әріппен жазылса, асыл сөздері ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келеді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу дегеніміз – бұл мемлекетте тұрақтылықты қамтамасыз етудің қажетті шарты» деп айтқан екен кезінде ғұлама Аристотель. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті іштей күйретіп, оның дамуына тұсау салатын және жетістіктерін жоққа шығаратын, сондай-ақ ұлттың қауіпсіздігі мен кемел келешегіне кедергі келтіретін аса қауіп-қатерлі дерт. Сол себепті де Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының басты басымдықтарының бірі де осы көзсіз зұлымдықпен күресу болып отыр.
Қазіргі таңда аудан әкімдігі жанынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия тұрақты түрде жұмыс жүргізеді. Оның жұмыс жоспарына сәйкес, бүгінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл комиссиясының отырысы тұрақты өткізілуде.
Сондай-ақ, осы жылдың мамыр айында «Халық Заңгері» республикалық акциясы өткізіліп, аудандық құқық қорғау органдарының және тиісті мекеме басшыларымен халыққа заңгерлік кеңестер көрсетілсе, қыркүйек айында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы өткізіліп, тұрғындарға құқықтық кеңестер берілді.
Аудан әкімдігі тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда мемлекеттік қаржының мақсатты жұмсалуына үнемі бақылау орнатылып, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайтуды қамтамасыз етуде.
Мемлекеттік сатып алуды іске асыру, шарттар жасасу, атқарылған жұмыс актілеріне және төлем шоттарын қадағалау мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртібін сақтауда кент, ауылдық округтер мен бөлімдерде дөңгелек үстел отырыстары, құқықтық оқулар, өткізіліп келеді.
Мемлекет – ортақ Отанымыз. Оны дамыту, халқымыздың әлеуметтік-экономикалық деңгейін көтеру мен өркениетті елдер қатарына қосу әрбіріміздің міндетіміз. Осы ретте мемлекетімізді нығайтып, алға жылжытуда сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, онымен күресті күшейте беретін боламыз. «Көп жұмылса, күш» дегендей, қауіпті дертпен күресу – барша Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы екенін естен шығармауымыз керек!
Жандос ЕРКІНБЕК,
аудан әкімі
07 қазан 2024 ж. 137 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 055

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031