» » Архив және болашақ ұрпақ

Архив және болашақ ұрпақ

«Қармақшы аудандық архиві» филиалы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің бастамасымен «Архив және болашақ ұрпақ» республикалық жобасы аясында ауыл тұрғындарына және мектеп оқушыларына Ашық есік күнін өткізді.
Іс-шараның мақсаты – архив қорындағы дереккөздерді пайдалана отырып, Қазақстан тарихына, қоғамның ұлттық мәдениетіне ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге жастарды жұмылдырып, қызығушылықтарын арттырып, ұлттық құндылықтарды, Отанға, туған жерге деген патриоттық сезім мен адамгершілік сананы бойларына сіңіріп, өскелең ұрпаққа кеңінен тарату.
Ашық есік күнінде Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің ауыл шаруашылығын механикаландыру АШТ 24/9, «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» ТГ-24/9 оқу тобының 1-курс студенттеріне «Ұлағатты ұстаз – Қали Шыңғысов» тақырыбында лекция оқылды.
Ш.Уәлиханов атындағы №26 орта мектебінің 5-сынып оқушыларына архив қорындағы сақтауда тұрған майдангерлердің құжаттарынан және фотосуреттерінен «Отан үшін от кешкендер» атты сабақ өткізілді. Сондай-ақ шарада архив қызметкері, І санатты архивист Г.Абиеваның ұйымдастыруымен архив қорында сақтауда тұрған, еңбек ардагерлері қорынан дайындалған ауыл шаруашылық саласы бойынша еңбек ардагері, «Құрмет белгісі» орденінің иегері, Қармақшы ауданының Құрметті азаматы, ауданның өркендеп-өсуіне, дамуына ерекше үлес қосқан «Өмірі өнеге, еңбегі үлгі – Әбдірай Бөрібайұлы» атты көрме өткізіліп, қордағы ауданымыздың Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, Құрметті азаматтарының, еңбек сіңірген тұлғалардың жеке тектік қор құжаттары бойынша шолу жасалып, құжаттар сақталатын қор сақтау қоймаларына С.Есқараев атындағы №27 орта мектептің оқушыларына және музей қызметкерлеріне экскурсия жүргізілді.
Аталған шарада Қармақшы аудандық архиві филиалының басшысы Г.Іздібаева іс-шараны ашып, келген қонақтарға, қатысушы мектеп оқушыларына ризашылығын білдіріп, тарихымызды құнды құжаттармен толықтырып отырған аудандық архив мекемесінің тарихына, маңыздылығына, қоғамдағы рөлі мен тыныс-тіршілігіне тоқталып, жұмыс барысына шолу жасады.
Нұржан АЯҒАНОВ,
«Қызылорда облысының мемлекеттік архиві»
КММ-нің Қармақшы аудандық архиві филиалының архивисті
04 қазан 2024 ж. 427 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 422
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 229

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930