» » Архив және болашақ ұрпақ

Архив және болашақ ұрпақ

qarmaqshy-tany.kz Мұрағат — құжат сақтап, жинаушы ғана мекеме емес. Үлкен-кішімен иін тіресе жұмыс істейтін рухани орта. Мұнан әркім өз керегін табады. Жоғын іздейді. Құнды дүниелерін өткізеді.

Өткен апта аудандық архив филиалы үшін іс-шараға толы болды. Гүлжамал Іздібаева басшылық ететін ұжым қызметкерлері бірде агроколледжде болса, бірде мектеп оқушылары ортасында болып, кездесулер өткізді. Атап айтар болсақ, республикалық «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында аудандық аграрлы техникалық колледжінің «Тігіншілік», «Ауыл шаруашылығы техникасы», «Автомеханик» мамандықтарында білім алып жатқан студенттер арасында архивист З.Махамбетжанова «Архив – ел тарихының қазынасы» тақырыбында лекция оқыса, Жосалы кенті орталығындағы А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушыларына архив қызметкері А.Мешітбаева архив қорында сақтауда тұрған құжаттар мен фотосуреттерден сабақ өткізіп, оқушылардың архив жайында толыққанды ақпарат алуына мүмкіндік жасады.
Осы іс-шаралардың қорытынды жалғасы ретінде аудандық архив филиалында «Ақ күріштен тау тұрғызған диқандар» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Онда филиал басшысы мекеменің тарихынан деректер келтіріп, қорда сақталған материалдарға шолу жасады. Ғимараттың бірінші қабатында ауыл шаруашылығы саласының екі бірдей үздігі, бар саналы өмірлерін ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына арнаған қос бірдей азамат Қылышбек Әбішев пен Миллияр Арифовтың өмір және еңбек жолына арналған көрместенд қатысушылардың назарын аудартты. Оны мұрағатшы Г.Әбиева таныстырды. Сала майталмандарының орден, медальдары, марапаттары, олар туралы мақалалар мен басқа да материалдар мектеп оқушыларының назарына ұсынылды.
Басқосуда мекеменің ардагері Р.Кенжебаева, аудандық «Қармақшы таңы» газетінің бас редакторы С.Райымбаева, №105 мектеплицейінің тәлімгері Н.Сәдуовтер сөз сөйлеп, жас ұрпаққа ой саларлық пікір білдірді.
Іс-шара соңында оқушылар архив қорындағы құжаттармен танысып, тың деректермен қанықты.
Сәрсенкүл АҚКІСІ
26 қыркүйек 2023 ж. 723 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 381
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 171

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930