» » НЕСІБЕ МАҢДАЙ ТЕРМЕН КЕЛЕДІ

НЕСІБЕ МАҢДАЙ ТЕРМЕН КЕЛЕДІ

Соңғы жылдары елімізде жастардың дені жұмысшы мамандығынан қашқақтап заңгер, қаржыгер секілді «төрелік» кәсіпке бет бұрған. Жас буын жоғары оқу орнына талпынады, грантқа түсе алмаса қыруар қаржы шығындап ақылы негізде білім алады. Қала берді грантқа түсу үшін өзінің қалаған мамандығынан бас тартады. Ал қолына диплом алып, жұмыс таба алмай көше кезіп жүргені қаншама?
Рас, бүгінде жұмысшы ма­мандығы тапшы. «Еңбек маңдай термен келеді» деген тәмсіл ұмыт қалып барады. Ақшаны жеңіл жол­мен, маңдай терсіз табуға үй­ренгендер көбейді. Реті келсе ауылдан қашып, қала асып кетсек деген ой. Түптің түбінде бәрі ауылдан шықты. Қазір ауылда да бизнес ашып, оны дамытуға да мүмкіндік көп.
Ауыл  еңбек пен берекенің ошағы емес пе? Ауылда адал еңбек пен кәсіп етіп жүргендер қатарында Бекмұрат Баймаханов та бар. Ол биыл Иіркөл ауылында құрылған «Жаңатұрмыс» шаруақожалығында күрішші болып еңбек етіп келеді. Ол ауылдың өмірінен қашпайды. Керісінше, ауылдың гүлденіп дамуына өз үлесін қоссам дейді.
– Еңбек – бәрін жеңбек деп халық бекер айтпаса керек. Кез келген дүниеде немқұрайлық таныту табиғатыма жат дүние. Бәріне адал еңбекпен жеткім келеді. Біздің тәрбие солай болды ғой. «Адал бол, біреудің ала жібін аттама» деп отыратын үлкендер. Сол тәрбиені көрген біз де балаларымызға сондай тәрбие бергіміз келеді, – дейді Бекмұрат Үсенұлы.
Ол Қорқыт ата атын­дағы Қызылорда мемлекеттік универ­ситетінде «экономис­т» мамандығы бойынша бі­лім алған. Осыған де­­йін түрлі қызметте болған ол бүгінде жары Ақшолпанмен бірге қылықты қызын тәрбиелеп, өсіріп отыр.
– «Жаңатұрмыс» шаруа қо­жалығы өзінің жұмысын енді бастап жатқан жас ұжым. Шаруақожалыққа тиесілі жер осыған дейін пайдаланылмаған. Сондықтан шаруа­лар жыл басынан бері жерді  егінге дайындады. Дәл қазіргі уақытта күрішті егіп бітірдік. Су жіберіп жатырмыз. Әлі істейтін жұмыс жетерлік, – дейді күрішші.
Қай мамандықтың та оңайы жоқ. Қай-қайсысының да өзіне тән қиыншылығы мен қызығы бар. Рас, шарушалардікі тынымсыз еңбек қой. Таңмен таласып жұмысқа кіріседі. Күннің ыстық, суығына да қарамайтын кездері болады.
– "Қанағат қарын той­ғы­зады, қанағатсыз жалғыз атын сойғызады"  дегенді біздің қазақ текке айтпады. Не нәрседе де  төзім, қанағат керек. Сонда ғана бастаған ісіңнен нақты нәтиже шығады. Алла өзінің берер ризығын тауыспасын", – деп сөзін жалғады  еңбекқор азамат.
Түйін. Бала күнімізде ата-анамыз бақшада арамшөп жұлғызып, отаққа апаратын. Одан соң картоп егуге де шығатынбыз. Күн шыжып тұрғанда қызу жұмыс істеп маңдайдан ащы тер бұрқ ете қалатын. Қара жұмыс болса да ата-анамызға қолғабыс еткенімізге мәз болушы едік. Осылайша бізді еңбекке ерте жастан араласып, ата-анаға салмақ салмай, керісінше оған жәрдемдесуге үйрететін. Ал қазірде ата-анаға ауыз ашатындар саны басым. «Еңбек етсең, емерсің» демекші, ерінбей еңбек қылғанның қашанда несібесі мол болмақ.
Ақнұр САҒЫНТАЙ,
«Қармақшы таңы».
04 мамыр 2019 ж. 1 119 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 023

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031