» » ЫРЫС МАҢДАЙ ТЕРМЕН КЕЛЕДІ

ЫРЫС МАҢДАЙ ТЕРМЕН КЕЛЕДІ


Өңір дамуында серпін бар. Бұл серпінді жасап отырған кәсіпкерлер. Әрине, кәсіпкерлік саласына қолдауды мемлекет аяған емес. Соның арқасында бұл саладан еңбек етіп, нәпақа тапқандардың бүйірі қампайған. Олар елдің дамуына қай кезде де өз үлесін қоспақ. Оған ауданда өткен баспасөз турында көз жеткіздік.
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша егін егу науқанының жайын білу үшін ІІІ Интернационал ауылына ат басын бұрдық.

– Достықты ту еткен ауылдағы шаруа қожалық дала «майданына» сақадай сай. Техника атаулы «қыс арба сайлаудан» өткен. Диқандар жаз бойы еңбек етуге, сол еңбектің арқасында несібесін жиюға даяр. Ауа райы қолайсыздығына байланысты жұмыс уақытша тоқтап тұр. Дегенмен жерді жыртып әзірлеп қойдық. Тыңайтқыштар да дайын, – дейді «Достық жер» шаруа қожалығының бас аграномы Байрам Мардиев.
Мұнан кейін Иіркөл ауылындағы егістік алқабына бет алдық. «Жаңатұрмыс ИК» шаруақожалығының төрағасы Ардақ Мырзахметовтің айтуынша, егін алқабына 20 жылдан бері ештеңе егілмеген көрінеді. Осы жерді биыл өз шаруа қожалығына алған ол жердің 250 гектарына күріш, 10 гектарына бақша дақылдарын егуді жоспарлап отыр.
– Биыл аталған шаруа қожалығын құрып жатырмыз. Қазіргі таңда жерді тегістеу жұмысы жүргізілуде. 25-сәуірде егін алқабына су жіберіледі. Содан кейін тыңайтқыш сеуіп тағы тегістеп аламыз. Сонан кейін күріш егуді бастаймыз. Келесі жылы күріш егуді 1000 гектарға жеткізу ойда бар. Ауылда “Иіркөл даму кооперативі” жұмыс істейді. Осыған орай ауылда жұмыссыз жүрген жастарды осы егін жұмысына тартып әзірге 8 адамды жұмыспен қамтып отырмын, –  дейді Ардақ Мырзахметов.
Туризм саласы бойынша БАҚ өкілдері Қорқыт ата мемиориалдық кешеніне жол тартты. Өзге өңір бізге қонаққа келсе, міндетті түрде осында ат басын тірейді. Дәл осы кешенді көру үшін тіпті шетел асып келетін туристер де жетерлік. Әуелі журналистер  мұражайға кіріп, тарихы  терең экспонаттармен танысты. Содан соң Қорқыт бабаға Құран бағыштап, дұға кетті.

Түс қайта тілшілер қосыны жас жеке кәсіпкерлердің жұмысымен танысты. Осыдан бір ай уақыт бұрын кенттің теріскей бетінде “Отау құрылыс” шаруашылық дүкені ашылған еді. Жас кәсіпкер Нұрдидар Мырзабек өз күшімен, мемлекетке иек артпай осы кәсіпті ашуға бет бұрған. Ол өзге саладан гөрі құрылыс заттарын сатуды жөн көріпті. – Тәуекел етпесең – тәуір болмайсың деген мақал бар. Осылайша тәуекел етіп істі бастап та кеттік. Иә, құрылысқа қажетті зат қай кезде де сұранысқа ие. Бізде электротауарлар, сантехника, бояу-әрлеу, ағаш, темір және басқа да құрал-жабдықтар бар. Бағасы қолжетімді. Тауардың түріне қарай өзіміздің облыстан да, өзге өңірлерден де алып келеміз, – дейді жас кәсіпкер.
Ауданымызда былтыр жыл соңында “Балықтар әлемі” дүкені ашылған еді. Осыған дейін ауданда балық сататын арнайы дүкеннің болмағаны белгілі. Осы орайда жеке кәсіпкер Рахман Бекқадамовтың бұл кәсібі көңіл қуантарлық жайт.
– Балықты өзіміз 10 жылға жалға алған “Тоғызқұдық Әлтай” көлінен аулап әкеп сатамыз. Мұнда балықтың 6-7 түрі бар. Күн санап сұраныс та артып келеді. Сондықтан қосымша дүкеннің жанынан базар бағасынан 150-200 теңге  арзан етіп ет дүкенін де ашпақ ойымыз бар, - дейді кәсіпкер.
Бұл күнде дүкеннің жұмысын оның зайыбы Алтынай Жармағанбетова жүргізеді. Мұнда келушілердің қарасы көп. Кезекте тұрған адам қаншама? Балықтың бағасын біз де сұрай кеттік.
– Толстолоп балығының келісі 800 теңге, жылан балық 450 теңге, сазан балығы көлеміне қарай 600-1000 теңгенің арасы, карась 350 теңгеден басталады. Арнайы еттартқыш апаратымыз да бар. Кей келушілер балықтың дайын фаршын сұрайды. Оның келісі 700 теңге тұрады, – дейді Алтынай Жармағанбетова.
Осыған дейін “Жас проджект” бағдарламасы туралы айтқан болатынбыз. Аталмыш жоба аяқталғанына біршама уақыт өтті. Дегенмен бұл жобаны әрі қарай жалғастырып кеткендер қатары өкінішке орай аз. Соның қатарында Индира Көбекова да бар. Ол жобаны сәтті қорғап, бүгінде кәсібін дөңгелетіп іскер кәсіпкерлердің сапына қосылды. Мемлекет грантын ұтып алған кәсіпкер ақшаны теника алуға жұмсағанын айтады. Бүгінде сол техниканың көмегімен «Сыр гүлі» дәмханасында тез даярланатын пицца, донер, бургер секілді фаст-фуд тағамдарын аудан тұрғындарына ұсынып отыр.
Ақнұр САҒЫНТАЙ,
“Қармақшы таңы”.

24 сәуір 2019 ж. 1 297 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 030

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031