» » ДҮР ОҢҒАРЛЫҚ КОМБАЙНШЫ

ДҮР ОҢҒАРЛЫҚ КОМБАЙНШЫ

Егін шаруашылығының алға басуы тікелей атыздықтағы еңбеккерлерге байланысты. Еңбек – ата, жер – ана. Сол Жер Ананың ырзығын жыл сайын жырып алуды кәсіп еткен диқандар мол астықтың жемісін көру үшін аянбай тер төгеді. Дөңгеленген жер шарында жұмыр басты пенденің бір-бірінен абыройын асырып, маңдайын жарқырататын да сол – еңбек. Еңбек адамы қай қоғамда да сыйлы. Сондай жанның бірі – «Жаңажол» ЖШС комбайншысы Бағдат Берлібаев.
Ол 1984 жылы Дүр Оңғар ауылында дүние есігін ашқан. Осы ауылда 1990 жылы №107 орта мектепің табалдырығын аттап, 2001 жылы сол білім ордасын бітірген бозбала отбасылық себептермен оқуға түсе алмайды. Десе де, өмірлік сынақтан сүрінбей өткен ол сол жылы «Жаңажол» ЖШС-на механизатор болып жұмысқа орналасады. Ұзақ жылдар бойы еңбек етіп тәжірибе жинаған маман ауыл шаруашылығы саласының алға басуына үлесін қосып келеді. Бағдат Берлібаев шаруашылыққа келгелі түрлі техника мініп, жұмыстың оң нәтиже беруіне ерінбей еңбектенуде. «Көктемнің бір күні жылға азық» дегендей, мезгіл бастала салысымен трактормен жерді сүдігерлеп тегістейді, Жер-Ана төсіне дән себеді. Жаз ортасы ауа бере комбайнға мініп, жоңышқа орады. Ал, күз келісімен дақылдарды жауынға қалдырмай жинап алады. Әйтеуір, қайнап жатқан тіршілік.
Шаруашылықтағы жұмысым өзіме ұнайды. Ұжым өте ұйымшыл, еңбекқор, тәртіпті де қатаң сақтаймыз, жалпы бәрі де көңілімізден шығады. Жағдай жасалған жерде неге еңбектенбеске, өз қолыңмен өсірген нан да тәтті болады ғой. Бүгінде жұмысшылардың біразы казір культиватор, трактор, комбайндарды жөндеуден өткізіп, орақ науқанына дайындалу үстіндеміз. Нан болса ән де болады. Сол нанның да еңбекпен келетінін ұмытпағанымыз жөн, дейді комбайншы Бағдат.
Еңбеккердің еңбегі еленіп жүргенін де айта кеткеніміз жөн. 2015 жылы 25 мың центнер, 2016 жылы 55 мың центнер, 2017 жылы 36 мың центнер өнім алған комбайншы үздіктер қатарында. Екі жыл қатарынан аудан бойынша комбайнмен күріш бастырудың чемпионы атанса, ұжымдастары Бағдаттан биыл да оң нәтиже күтетінін айтуда. Сондай-ақ, комбайншы жыл сайын ауданның үздік үштігіне ілініп отырады. Бұл дегеніміз, еңбек адамының маңдай тері. Дайын өнімді тұтыну кез келгеннің қолынан келсе, оны өндіруге кейбірінің шамасы да жетпейді. Қажырлы еңбекпен келген азықтың жемісі тәтті болары анық. Ала жаздайғы маңдай тер қытымыр қыста қалың елге талғажау болар тірліктің қамы бұл.
Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
10 қыркүйек 2018 ж. 2 380 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 028

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031