» » Он жыл бұрын оралман – қазір белді кәсіпкер

Он жыл бұрын оралман – қазір белді кәсіпкер

Ол он жыл бұрын ақ басты Алатаудың арғы басынан айырқалпақты ағайынның елінен туған жерге оралды. Келген сәтте-ақ, екі қолға бір күрек табудың қамымен жүріп, алғашқы кезде ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдарын тігіп, тек күнкөріс қамына айналдырған. Бертін келе ісі дамып, кеңейген кәсібі несібесін де арттырды. Бірақ ол үшін маңдай терін сылып алып еңбек етті. Тырбанды. Бүгінде аймақтың абыройын асырған белді кәсіпкер. Әңгіме «Қарлығаш» қолөнер орталығының негізін қалаушы Қарлығаш Ілиясова жайында.


Кәсіпкерлер палатасынан бизнес кеңес алады. Осы мекемеден инновациялық жобаларға арналған грант туралы да естіп, оған өзінің бизнес-жоспарын ұсынып, грантқа, яғни қайтарымсыз қаржыға қол жеткізеді. Осылайша шағын шеберханасын ашып, қосымша тігін машиналарын алуға мүмкіндік туады.

– «Қазақстанның үздік тауары», «Шебер» фестивалі сынды шараларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрмін. 2017 жылы «ЭКСПО» көрмесіне қатысып, Мемлекет басшысының да жоғары бағасын алдым. Ол жерде ұлттық киімдерді көрсеткен болатынбыз. Ұлттық киімдер синтетика емес, кезінде әже-апаларымыз киген бархаттан тігіледі. Сапасына қарай бағасы қымбаттау. Дегенмен азаматтардың қалтасы көтеретіндей, – дейді кәсіпкер Қарлығаш Ілиясова.

Бүгінде Қарлығаш Қазақстан шеберлер Одағының мүшесі және оның облысымыздағы өкілі, әрі қолөнер шебері. Оның қолынан шыққан эксклюзивті бұйымдар Халықаралық мәдени-этнографиялық фестивальдерде, көрме-жәрмеңкелерде ондаған алғыс хаттармен, дипломдармен, сыйлықтармен марапатталған.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында Кәсіпкерлер палатасымен қысқа мерзімді жұмысшы мамандықтарға оқыту жұмысы ұйымдастырылып келеді. Бастаманы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының оқыту орталықтары тізіліміне енген орталықтар жүргізуде. Мұнда Қызылорда облысынан 20 орталық енген. Бұл жерде Палата кәсіпкерлердің сұранысын ескере келе, оқытылатын мамандықтардың оқу бағдарламаларын қадағалайды. 2017 жылы «Еңбек» бағдарламасы аясында 954 жұмыссыз азамат жұмысшы мамандығына оқып, оның 60 пайызы жұмысқа орналасты. Ал биыл бағдарлама аясында 975 азамат оқытылды.
Дәулет ҚЫРДАН.
11 желтоқсан 2018 ж. 1 184 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031