» » ЖАС МАМАН, АУЫЛҒА ҚАРАЙ БАС ҚАДАМ

ЖАС МАМАН, АУЫЛҒА ҚАРАЙ БАС ҚАДАМ

Жастар арасында жұмыссыздық мәселесі соңғы жылдары жиі көтеріліп жүр. Себебі, жоғары оқу орнында оқып, оны тәмамдағаннан кейін жастар еңбек жолын қаладан бастағысы келеді. Бәріне бірдей жұмыс табыла бермесі анық. Содан күн көрудің қамымен екі қолға бір күрек табуға тырысады. Нәтижесінде диплом сандық түбінде шаң басып, «қажетсіз» дүниеге айналуда. Қазір жастардан «қайда жұмыс істейсің?» деп сұрасаң, көпшілігі «жұмыс жоқ», я болмаса «мамандығыммен емес» деп жауап қатады. Мамандығы бойынша жұмысқа орналасу «арманға» айналған. Осы жағдайға байланысты Елбасының қолдауымен «Дипломмен ауылға» жобасы жүзеге аса бастады. Бағдарламаның бағыты дұрыс. Дегенмен кей жастар мемлекет қарастырған мүмкіндіктен құр алақан қалуда.

Рас, бүгінде жастар ауылға барғысы келмейді. Білікті жас мамандар тұр­мыс­тық жағдай мен жайлылықтың жоқ­тығынан ауылға жол салмайды. Шыны керек, жағдай жасалмаған, көгілдір отын жоқ, тіпті ауыз суды сатып ішетін, жолы нашар, тағысын тағы кемшіліктері көп ауылдарға қалада білім алған жастардың дені барғысы жоқ. Елбасы Н.Назарбаев өз сөзінде: «Қазір жұмысты қаладан емес, ауылдан іздеу керек. Өйткені, елді дағдарыс кезінде асырайтын – ауыл. Ал, ауылда жұмыс болу үшін, ол қаланы асырай алу үшін жеке шаруаларды, ауыл тұрғындарын, шағын шаруа қожалықтарын қайта қауымдастырып, біріктіру қажет» деген еді.
Мемлекет басымдық берген «Дип­ломмен – ауылға» бағдарламасының жайы қалай? Аталмыш бағдарлама елді ме­­кен­­дердегі маман тапшылығын шешуге қалай әсер етуде? Осыған тоқталсақ: Ауданымызға, ауыл – аймақтарға медицина, білім беру және мәдениет саласына білікті, білімді жас мамандар келіп жатыр. Жұмыс іздеген жастарға да бұл бағдарлама қолайлы болып отыр. Сонымен бірге баспаналы болуға мүмкіндік қарастырылған. Аудандық ауыл ша­руашылығы бөлімінің мәліметіне сүйен­сек, өткен жылы ауданымызда «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша 54 маманға 183 270 575 теңге тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие берілді. Көш бастап тұрған – білім саласы. Сала бойынша 26 маман баспана алған. Екін­ші кезекте – денсаулық сақтау саласы. Бұл салада 22 маманға үй алуға несие берілді. Мәдениет саласы бойынша 3 маман, спорт саласы бойынша 1 маман, агроөнеркәсіптік кешенінің 2 жас маманына бас­пана берілген. Иә, бұл жаман көрсеткіш емес. Бір жылда 54 жас маман баспаналы болып, ауылдың көркеюіне үлес қосып жатыр.
«Судың да сұрауы бар» дегендей, жас мамандар әрбір іске ұқыпты жә­не жауапкершілікпен қарауы тиіс. Сәйкесінше несиеге берілген осынша қаржыны қолға алған жас маманға артылатын міндет – ауылдың өркендеуіне үлес қосу және сапалы қызмет жасау екенін ұмытпаған абзал.
Жұмыс істеймін, еңбек етемін деген жанға мемлекет қолдау көрсетуде. Жалқаулыққа салынбай, мемлекет тағы не береді деп алақан жайып қарап отырудың да қажеті шамалы. «Еңбектің наны тәтті» демей ме, бәрінен де жас­тардың аянбай еңбек етіп, оның жемісін көріп, жетістікке қол жеткізсем деген ізгі ниеті маңызды. Ендеше, жастар, мемлекет тудырып отырған оңтайлы мүмкіндікті ұтымды пайдаланайық!

Ақнұр САҒЫНТАЙ,
«Қармақшы таңы».


05 ақпан 2019 ж. 2 188 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031