» » Жас мұраты, білім, тәлім – талабы...

Жас мұраты, білім, тәлім – талабы...

Бірде қаладан ауылға қарай автобусқа міндім. Әдеттегідей қасыма кім отырады екен деп жалтақтаумен болдым. Жаныма әдеміше келген келіншек келіп жайғасты. Автобус та жүре бастады. Ал, бізде бірнеше минут үнсіздік. Жол қысқарту үшін жанымдағы адаммен әңгіме-дүкен құратыным бар. Әрі-бері сөзге тартқым кеп қипақтап қоямын. Әлденені сұрасып, әйтеуір қалай араласып кеткенімізді де аңғармай қалдық. Аты-жөні Гүлнұр Әлиева. Міне, қызық. Әпкеммен аттас екен. Әңгіме одан әрі қыза түсті.
Әңгімені автобуста отырғандардың даусы бөліп жіберді. Сөзге келіспей жатыр екен. «Кезінде оқығанбыз. Қос-қос дипломым бар, бірақ жұмыс жоқ,» деген кассир жігіт ақталып әлек. Автобус іші у-шу. Алдыңғы қатарда отырған әжей мемлекеттен беріліп жатқан мүмкіндіктерді дұрыс пайдалануды, жастардың қолын бос тастап жүруі дұрыс емес екенін айтып жатыр. Қасымда отырған Гүлнұр да күлімдеп әжейді қостай кетті. Өзі Тереңөзектікі екен. 1989 жылы дүниеге келген. Болашақ жарымен осы жақта танысып тұрмысқа шығады. Кәсіптік оқыту мамандығын тәмамдаған ол араға уақыт салмай аграрлы-техникалық колледжге жұмысқа орналасады. Осындағы қызметтестерінен «Дипломмен – ауылға» бағдарламасынан құлақдар болып, уақыт соз­бай құжаттарын тапсырады. Бүгінде Гүлнұр колледжде өндірістік оқыту шебері екен.
– Расымен де, бұл уақыт – білімді жастардікі. Мемлекет берген мол мүмкіндікті пайдалана білуі керек. Ата-анасы оқытып тоқытты. Сол алған мамандығын одан әрі жетілдіріп, өскелең ұрпаққа сіңдіре білу бір ғанибет емес пе? «Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді ғой». Артына жақсы із қалдыру әрбір жастың мақсаты болуы керек. Шыны керек, бүгінде «Дипломмен – ауылға» келген жастардың қатары көбеюде. Қуантарлығы да осы. Ал, мен таңдаған мамандық жаныма өте жақын. Арманым білікті де білімді студенттерді дайындау, – дейді сөз арасында Гүлнұр Асқарқызы.
Г.Әлиева біршама жетістікке қол жеткізген. Қызметімен қатар екі баланы тәрбиелеп отырған жас ана екен. Отбасы мен қызметін қатар алып жүру әйел адамның батырлығы іспеттес. Өмірдегі көрген-түйгенін, әпкелік ақылын да айтып жатыр. Ұйып тыңдап қалыппын. Автобус та тоқтады. Ауылға қалай жеткенімізді де аңғармай қалыппыз. Сенім – адам серігі. Ал сенімді маман қай кезде болмасын қоғамға қажет. Ал, Гүлнұр арқалаған сенімге селкеу түсірген емес. Осылайша әпкелі-сіңлідей тез тіл табысып кеткен біз бір-бірімізге сәттілік тілеп тарқастық.
Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
11 қыркүйек 2018 ж. 1 543 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 061

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031