» » АТ ТЕРГЕУ ҚАЛЫС ҚАЛЫП БАРА МА?

АТ ТЕРГЕУ ҚАЛЫС ҚАЛЫП БАРА МА?

  Кішкентай  күнімде әжемнің етегіне жармасып, қайда барса да соңынан қалмайтынмын. Көп бармаса да, анда-санда  төркініне бас сұғатын әжемді, үйіндегі жеңгелері «Еркежан» келді деп, төрге шығарып, алдында бәйек болып жүретін. Үш жеңгесі де солай атайтын. Сол кездері «Еркежаны несі», әжемнің есімі басқаша еді ғой деп таңданатынмын. Ес біліп, бойжеткеннен соң, бұл да бір қазақтың дәстүрі екенін түсіндім. Сонда да әжемнің «отбасындағы» қазақилықтың ұшқыны сақталғаны көңіл қуантатын.
  Ертеректегі ата-әжелеріміздің  қай-қайсысы да дәстүрге берік болып, аузынан «Алласын» тастамаған. Осындай берік ұстанған дәстүрдің бірі – ат тергеу. Жаңа түскен келіннің, отбасындағы атасы мен енесіне, қайынағалары мен абысын-ажындарына, қайынсіңілі – қайындарына жарасымды ат қоя білуі. Мәселен, қайын ағасын «Үлкен аға»,  қайнысын «Мырза жігіт», «Ерке бала», қайын сіңлілерін «Еркем», «Кенжем» секілді атпен атаған. Бұл дегеніміз «үлкенге құрмет – кішіге ізет» қағидасының дәлелі іспетті. Ал, қазіргі күні бұл үрдіс қолданыста ма?
   Көп жерде қолданылмаса да, бұл дәстүрді ұстанатын  отбасылар бар. Екі-үш ауылдас жеңгеміздің аузынан «заманауи» ат қоюды құлағым шалып қалғаны бар еді. Әнші қайнысын «Ақбұлақ», дәрігер ағасын «Доктор қайын аға», «Әкім қайын аға» дегенін естіп жағамды ұстағам. Ескіліктің сарынын, жаңашылдықпен ұштастыра алғанына да риза болдым. Сан ғасырғы дәстүріміздің әлі де болса, қолданыста жүргені көңілді марқайтты. Осыған қарап-ақ, дәстүрді дәріптеу өз қолымызда екенін түсінгендеймін.   Халық аузында мынадай әңгіме бар: Бір келіншек жайлаудағы малға қасқыр шапқанын көріп, «сарқыраманың ар жағында, сылдыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр. Білемені жанымаға жанып-жанып тез келіңдер!» - депті. Сылдырама дегені – қамыс, сарқырамасы –  өзен, маңырамасы – қой, ұлымасы – қасқыр, жанымасы – пышақ, білемесі – қайрақ. Әлгі  келіннің: Қамысбай, Пышақбай атты атасы, Өзенбай, Қасқырбай деген қайынағасы, Қойбағар мен Қайрақбай деген қайнысы бар екен. Осыған қарап-ақ бұрынғы заман келіндерінің әдептен озбай, әруақтан аттамай, салт-дәстүрді берік ұстанғанын көруге болады.
Рахима Баянәлі, аудан тұрғыны:
- Ол отбасымызбен ұстанған берік дәстүр десем де болады. Анам түгілі, анамның анасы да осы ат қою үрдісін берік ұстанған екен. Бізге де ұят боладының керін келтіріп, үйдегі қыздарға ата-анадан алған тәрбиесін берді. Қарашаңыраққа келін болып түскеніме 40 жылдың жүзі болыпты.  Содан бері қайын ағаларым мен қайнымның, қайынсіңілілерімнің атын атамадым. Бәріне  қойған «есімім» бар. Үйдегі келіндерім де осы жолмен келе жатыр.
Айсұлу Жанқожа, мұғалім:
- Келін болып түскеннен кейін қайныма «Ерке бала» деп ат қойғам. Бір күні ренжіп келіп: «Жеңше, енді мені «Ерке бала» деп айтпаңызшы, өзімнің екі балам бар ғой»,- дегені бар. Ал, мен «Басқаша айта алмаймын, үйреніп қалған ауыз... «Ерке бала» болып қаласың» дедім. Өзіме осы дәстүр ұнайды. Ат тергеудің астарында ұят тұрады, онда бір-бірімізге  деген сыйластық жатыр. Ашық нәрсенің қашанда, берекесі болмайды.
Түйін:
Қорыта айтқанда, ат тергеу - дәстүрі адамды сыйластыққа  шақыратын ғұрып. Дала дағдысына бағынатын дәстүріміз, сан ғасырдың құндылығы іспетті. Аудан тұрғындарының пікірлеріне құлақ түрсек, көптеген отбасында дәстүрдің қаймағы бұзылмағанын байқадық. Осы ретте, барлық қазақ отбасы осы салтты ұстанып, бір-біріне ықылас танытып, құрмет көрсете білгені қандай керемет. Солай емес пе? Ал сіз қалай ойлайсыз, замандас?
Арайлым АБАЙҚЫЗЫ
23 маусым 2018 ж. 2 231 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 099

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031