» » Қол көтергеніне өкінген жігіт

Қол көтергеніне өкінген жігіт

Күйеуі ашу үстінде әйелінің жағынан тартып жібергенде әйелі:  
«Мен саған шағымданамын»,-дейді. Сонда әлде де болса ашуы тарқамаған күйеуі: «Үйден шыға алсаң...»,-дейді. 
- Сонда мені есік пен терезені жауып үйде ұстамақшысың ба? Жоқ, ол мен үшін кедергі бола алмайды. 
- Сонда не істемек ойың бар?! 
Сонда әйелі: «Оның жолын табамын»,-деп жуынатын бөлмеге бет алады. 
Күйеуі: «Е-е-е, мынау терезеден қашамын десе керек»,-үйдің сыртынан жуынатын бөлменің жанында күтіп тұрады. Бірақ қанша күтсе де терезеден ешкім көрінбейді. Содан соң: «Бұған не болды?»,-деген оймен үйге кіреді. 
Үйіне кірсе әйелі дәрет алып жуынатын бөлмеден шыққан беті екен. Жүзі мен қолынан дәреттің ізі көрініп тұр. Сол сәтте ол: «Енді не істер екен?»,-деген күйеуінің бетіне күлімдеп қарап: «Мен қазір Алла Тағалаға шағымданамын. Ол үшін ешбір есік кедергі бола алмайды»,-дейді де жайнамазды алып намазға жығылады. 
Мұны көрген күйеуі үндеместен тұрған жерінде мелшиіп тұрып қалады. 
Әйелі намазын ұзақ оқиды. Әсіресе намаздың сәждесінде ұзақ тұрады. 
Әйел намаз оқып болғаннан соң істің мәнін түсінген күйеуі: «Сәждеде ерекше көп дұға еттің ғой деймін, а?»,-деді. Әйелі бетіне қарап тұрып байсалдықпен: «Сен қалай ойлайсың?»,-деді. 
Істегеніне өкіне бастаған күйеуі: «Негізі саған қол көтеру ойымда жоқ еді. Ашу үстінде байқамастан саған қол көтеріп қойдым»,-деді. Сонда әйелі: «Оны мен де түсіндім. Сол себепті сәждеде саған емес, бәлкім арамызға түскен лағнеті шайтанға шағымдандым. Ақыреттік жолдасым, балаларымның әкесіне жамандық тілесем мен кім болғаным?»,-дейді. Мұны естіген күйеуі көзіне жас алып, екі қолын сүйеді де: «Құдай ақы! Осыдан соң саған ешбір жамандық істемеймін»,-деп ант ішеді.
Терең мағыналы сөздер...
27 қыркүйек 2024 ж. 2 133 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 790

Сұхбат

Мәдениет

Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.
БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

08 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 835

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031