Пай-пай, шіркін, қазақтың келіндері-ай!
Үстіміздегі жылдың 14 наурыз күні Қармақшы аудандық оқушылар үйінде «Пай-пай, шіркін, қазақтың келіндері-ай!» атты сайыс өтті.
Келіндер сайысын өткізудегі негізгі мақсат жанұядағы ата – ене, келін, қайын сіңлі, қайын арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Ұлттық салт – дәстүрімізге байланысты келіннің орнының ерекше екендігін, отбасының ұйтқысы екендігін ұғындыру. Келінге немесе болашақ анаға деген сыйластықты ояту, ананың өмірге деген… маңыздылығын ұғындыру.
Келіндер сайысына 4 үміткер қатысып, алдымен өздерін таныстырып, сайыс барысында халқымыздың ертедегі салт-жоралғыларды білу мақсатында қойылған аттергеу, көгентүп беру, қазан шегелеу, мойнына бұршақ салу сынды сұрақтарға жауап берді. Үйлерінен дайындаған қазақтың дәстүрлі қолөнерін ұсынып, «Жолдасымның сүйікті асы» кезеңінде қазақтың ұлттық тағамдарынан ас мәзірін дайындады. Сайыс соңында өнерлі келіндеріміз ән-жырдан шашу шашып, өз өнерлерін көрсетті. Сайысқа «Отан» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қармақшы аудандық өкілдігінің төрайымы Б. Жүсіпова, аудандық оқушылар үйінің әдіскері А. Әбдіреева және «Тілашар» үйірмесінің жетекшісі А. Таңқыбаева төрелік етті. Сайысқа сақадай сай дайындықпен келген үміткерлер барлық кезең бойынша өнерлерін көрсетіп, әділ қазылар алқасының шешімімен «Өнерпаз келін» номинациясымен «Жас эколог» үйірмесінің жетекшісі Айгүл Өткелбаева, «Шебер келін» номинациясымен «Руханият» үйірмесінің жетекшісі Көркем Құлбарақова, «Инабатты келін» номинациясымен «Гүлдер» үйірмесінің жетекшісі Майра Зұлпыхарова, «Ибалы келін» номинациясымен «Жас натуралист» үйірмесінің жетекшісі Мархабат Сматова марапатталды. Жеңімпаз келіндерімізге дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Сайысқа белсене қатысқан ибалы қазақ келіндеріне өнерлері өрге озсын демекпіз!