» » Мәселеге айналған мопед

Мәселеге айналған мопед

Тағы да мопед. Бұл тақырып төңірегінде біраз басылым, телеарналар мәселе көтеріп тастады. Қос дөңгелекті арбаның апаты тізгіндеген қай қайсыны аяп жатқан жоқ. Ал осыны көре тұра түйсініп жатқан адам аз. Керісінше қала көшелерінде мопедтердің саны артып, жол ережесі өрескел бұзылуда.
Қазіргі күні мопед тізгіндегендердің дені жасөспірімдер. Оның бәрі жол қауіпсіздік ержелерін сақтап жүр деп айта алмаймыз. Сондықтан елімізде балалардың жолдағы қауіпсіздігі өте өзекті мәселе болып тұр. Жолда жүру ережелерінің сақталмауынан, көлік жүргізу мәдениеті, құқықтық сауаттың әлсіздігінен ел көлемінде қаншама жол-көлік оқиғалары тіркеліп жатыр. Соның салдарынан жыл сайын қаншама адам қаза тауып, қаншамасы жарақат алуда. Осының өзі-ақ мемлекет пен әр отбасы үшін орны толмас шығын, ауыр қайғы әкеліп жатқаны өзекті өртейді.
Бұрындары қос дөңгелекті шайтанарбаға мінгенде жолда үлкен көлік көрсек, жиекке қашуға қамданатынбыз. Әлгі көліктен алыстау қашсақта оның екпіні астыңдағыны селкілдетіп, тоқтауыңа сеп болатын. Қазір жолда көлікпен келе жатып мопед мінгендерді көрсек керісінше олардан қашатын күйге жеттік. Алыстан дабыл берсең де сескеніп жол жиегіне шықпайды ғой қазіргі жүрек жұтқан жүргізушілер.
Жақында осыған ұқсас бір жағдай болды. Кент ішінде көлікпен бағдаршамның жасылынан өпек болып жүрісімді жалғастырғанда оң жағымнан мопедке мінгескен екі жасөспірім жылдамдықпен қызылға тоқтамай алдымнан кесіп өтті. Тежегішімді баспағанда жол апаты орын аларма еді. Содан әлгі құтырғандарды қуып жетіп, терезеден «өле алмай жүрсіңдер ме?» деп дауыстадым. Оларда қатесін түсінгендей кешірім сұрап қолын көтерді. Бірақ алдағы келесі қызыл жанып тұрған бағдаршамға бірге жетіп тоқтадық. Содан қайта сөгіп «Бұларың не, көлік жүргізу куәлігіңнен айырылғың келіп жүр ме?» деп ем, «ағасы, сол куәлік жоқ болып тұр ғой» деп саспастан жолын жалғастырып кете барды. Бұл бір. Өткенде фейсбук әлеуметтік желіге қаладағы Дәулет есімді тілші әріптесім ашынғаннан пост салды. Онда қалаға келген екі ағасы мопедпен соқтығысып, қып-қызыл шығынға батыпты. Мәселе қалай дейсіз ғой? Ағасы көлікпен оң жаққа бұрылам деп жарығын жағып, жиектегі қапталмен келе жатса, мопед те оң қапталдан қыстырылысып, бұрылып жатқан көлікке соғыпты. Ақыр соңында кінәлі мәшине болып шығыпты. Себебін сұрағанда мопед велосипед тектеске жатады деп заң солай шешсе керек. Сонда бензин құйып жүретін мопед көлікке жатпайды ма деп заңның әлсіздігіне өкпесін айтуда.
Расымен мопед мінгендер көпшіліктің ашуына тиіп жүр. Жол ережесін сақтамағаны былай тұрсын, тәртіп сақшылары тарапынан оларға көрсетілетін шараның әлсіз тұстары болып тұғандай. Бүгінде тұрғындар мен мамандар мопедшілерге қатысты жауапкершілікті қатаңдатуды көптен сұрап жүр. Егер оларға қатысты заң күшіне енсе, жолдағы жайсыздықтар сөзсіз азаяр еді.

Ерсін ӘЛІБАЙ

27 тамыз 2024 ж. 3 153 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 070

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031