» » Көлік жүргізу жауапсыздық пен жүгенсіздікті көтермейді

Көлік жүргізу жауапсыздық пен жүгенсіздікті көтермейді

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қала құрылысы кадастры жүйесін құру және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Жиынға салалық министрлер мен онлайн режимде өңір әкімдері қатысты.
Жол қауіпсіздігі мәселесі бойынша Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жыл басынан бері жол көлік оқиғалары өскенін жасырмады. Әсіресе, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында көрсеткіш жоғары. Аталған өңірлерге Қазақстан бойынша барлық жол көлік оқиғаларының 56%-ы, жарақат алғандардың 55%-ы және қаза тапқандардың 41%-ы тиесілі. Сондай-ақ, масаң күйде көлік жүргізу, құжатсыз көлік айдау оқиғалары жиілеп кеткенін ашып айтты.
- Есепті кезеңде полиция 4,5 млн-ға жуық жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісінің жолын кесті, 17,5 мыңнан астам мас жүргізуші ұсталды, 20 мың жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды,-деді министр.
Премьер-Министр аталған салаларға қатысты нақты тапсырмалар жүктеп, нәтижелі жұмыс көрсету қажет екенін еске салды.
Үкімет тапсырмаларын орындау бағытында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жол көлік оқиғаларына нақты талдау жүргізу, рейдтік шараларды қатаң қолға алуды тапсырды. Әсіресе, облыс аумағындағы трассаларда оқыс оқиғалары жиі көрініс табатындықтан, полиция департаментіне бақылау тетіктерін күшейтуді міндеттеді. Ал, көлік инспекциясына бақылау және тексеру жұмыстарын жауапкершілікпен атқаруды ескертті.
Себебі биылғы жылдың 8 айында Қызылорда өңірінде 247 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оның салдарынан 91 адам қаза болып, 304 адам түрлі дене жарақатын алған.
Сондай-ақ, 8 айдың қорытындысымен республикалық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» автожолының бойында барлығы 68 жол көлік оқиғасы тіркелсе, оның басым бөлігі Қызылорда қаласынан Ақтөбе облысына қарай бағыттағы ІІ техникалық санаттағы жолда орын алған.
«Өкінішке қарай, көлікті масаң күйде жүргізу, жүргізушілердің түнгі уақытта жол үстінде қалғып кетуі салдарынан қайғылы оқиғалар жиі орын алуда. Қараусыз қалған сиыр, жылқылардың жол бойына шығып кетуі де жол көлік оқиғаларын азайтпай тұр. Кеше ғана Қармақшы ауданының тұсында жол үстінде ұйықтап кеткен жүргізушінің әрекетінен оқыс оқиға орын алып, бірнеше азамат көз жұмды. Қаншама отбасы үшін бұл ауыр соққы. Жолда көлік айдау жауапсыздықты, жүгенсіздікті көтермейді. Сондықтан бұл мәселеге бей-жай қарауға болмайды,-деді Н.Нәлібаев.
Қала, аудандардағы жол көлік оқиғаларын саралаған аймақ басшысы иесіз жүрген малдарға қатысты пада ұйымдастыру, патрульдік нарядтардың жұмысын қайта жолға қою қажеттігін қатаң ескертті. Бұл ретте жүргізушілермен түсіндірме жұмыстарын ұдайы жүргізу керек деді. Әсіресе, екінші санаттағы жолдарда туындайтын келеңсіздіктерге жете мән беріп, рейдтік шараларға жиірек шығуды тапсырды.
Жиында қала мен ауылға қатынайтын ауыр жүк көліктердің де мәселесі қаралды. Егін жинау науқаны кезінде жүк көліктерінің шамадан тыс мөлшерде өнім тиеп, қатынауы жолдың сапасына да әсер етеді. Бұл ретте аймақ басшысы көлік тізгіндеген жүргізушілердің талапты сақтауы қатаң қадағаланатынын жеткізді.
©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

05 қазан 2022 ж. 367 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031