» » Қызылордада мас жүргізуші жол-көлік оқиғасын жасады

Қызылордада мас жүргізуші жол-көлік оқиғасын жасады

3 қаңтар күні сағат 20:00-де облыс орталығында 2 автокөлік соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алды, деп жазады Ақмешіт жастары.
Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер болған жоқ. Тексеру барысында жүргізушілердің бірі көлікті мас күйінде басқарғаны белгілі болды. Оған қоса, сот шешімімен оның 2019 жылдың 12 ақпанында 3 жылға көлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды. 
Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 2-бөлігімен (көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқару) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Автокөлік айып алаңына қойылды. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.  
Бұл орайда, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және оларды болдырмау  мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері  облыс тұрғындарының жолдағы жауапкершіліктерін күшейтуді ескертеді.
06 қаңтар 2021 ж. 1 396 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 297
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 447

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30