» » Жолда жүру ережесін сақтау

Жолда жүру ережесін сақтау

qarmaqshy-tany.kz Күн сайын елімізде автокөліктер саны өскен сайын жол апаттары да арта түсуде. Жол-көлік оқиғалары жөніндегі жүргізілген статистикалық мәліметтерге сүйенсек, балалардың жол-көлік оқиғаларына ұшырауының себептерінің бірі автокөлік жолдарын кесіп өтуі болып отыр. Оның себептері көптеген оқушылар жолда жүру ережесін сақтай білмеуінде. Олар көбінесе ереже талабын бұзып, асығыстық жасап, жүгіріп өтуге ұмтылады.
Сондықтанда балалардың жолдағы қауіпсіздігін сақтау мақсатында Қармақшы ауданының Полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторы полиция капитаны Мухамедьяров Галымжан Махсатович Жосалы кенті орталығындағы №121 мектеп оқушыларының жолдардан қауіпсіз өтуі бойынша жұмыстар жүргізуде. Сонымен қатар, сыныптарды аралай отырып, оқушыларға жол ережелерін түсіндірді.
Құрметті ата-ана, балаларыңызды жолда қараусыз қалдырмаңыз, жолда жүру ережесін сақтауда балаларыңызға үлгі болыңыздар. Егеменді еліміздің болашағы –балалар. Сондықтан бала өмірінің қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамайық.

Қармақшы ауданының Полиция бөлімі
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі

07 желтоқсан 2022 ж. 912 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 331
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031