» » Жол ережесі туралы не білеміз?

Жол ережесі туралы не білеміз?


Қоғам үшін баланың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі – ең басты байлық. Сондықтанда білім беру ұйымдарында жолда жүру ережелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Осыған орай, 2022 жылдың қыркүйек айының 1-12 күндері аралығында Республика төңірегінде «Абайлаңыз-балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара аясында барлық мектептегі білім алушыларға және мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілеріне «Жолда жүру ережесі» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзса, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетіні салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер жол-көлік оқиғасына ұшырап, арты қайғылы жағдайларға әкелуде.
Балаларға жолда жүру ережелерін үйрету – ата-ана мен үлкендердің тұрақты, үздіксіз жұмысы. Балалар өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, оларды жол жарақаттарынан сақтау үшін алдымен жолда, көшеде жүру ережелерін, жолда жүру тәртібін үйретуіміз керек. Үйде ата-ана, мектепте мұғалім, мектеп инспекторы бар балаларға жол ережелерін үнемі айтып үйретіп отырсақ, балалар жол апатының алдын алар едік.
Осы тақырып аясында Қармақшы ауданының Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Шакзада Айгуль Жосалы кентіндегі №27 мектеп оқушыларымен тәрбие сағатын өткізді.

Қармақшы АПб ЖПҚб

06 қыркүйек 2022 ж. 996 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031