» » Балалар да бейжай емес

Балалар да бейжай емес

Жақында ауданындық оқушылар үйінде «Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік!» атты танымдық сағат өтті. Мақсат – оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру. Ережелерді сақтай білуге үйрету. Жол қауіпсіздігін сақтаудың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру. Тәртіпке, сақ болуға, көшеде өздерін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу.
Іс-шараны жүргізген К.Құлбарақова кіріспе сөз сөйлеп, танымдық сағатқа қатысушы қонақты таныстырды. Қармақшы Ювеналды полиция тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты Жасұлан Әліқұлов балаларға жолда жүру ережелерін түсіндіріп, олардың көкейінде жүрген сауалдарына жауап берді. Мұнан соң жүргізуші балалармен «Абайлаңыз, балалар!», «Бағдаршам», «Саналы жүрек» сынды қызықты ойындар ойнатып, жолда дұрыс жүріп-тұру ережелері туралы білімдерін толықтыра түсті.
Қатысушы оқушылар ұстаздарына алғыстарын жеткізді. Балалардың белсенділігі жоғары болған іс-шара соңы естелік суретке түсумен аяқталды.

«ҚТ» ақпарат
28 тамыз 2022 ж. 1 027 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 892
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 595

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930