» » Бала – басты байлығымыз

Бала – басты байлығымыз


Ел төңірегінде өткізіліп жатқан «Абайлаңыз–балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Қармақшы ауданының Полиция бөлімінің ЖПҚб Ювеналды полиция тобының және ӘПб жол-техникалық инспекция тобының қызметкерлері бірлесіп, жол-көлік оқиғаларының оның ішінде балалар травматизмінің алдын алу мақсатында кент орталығындағы №250 мектеп-лицейінде балалар тасымалдайтын білім беру мекемесінің көлік құралдарына зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен бірге ювеналды полиция тобының қызметкерлері жол қағидаларын жас жеткіншектерге түсіндіру мақсатында әрбір сыныптарда тәрбие сағаттарын ұйымдастырып өткізуде. Онда балаларға жолдарда, көшелерде алаңдамай, мұқият болуын, жолда тек жаяу жүргіншінің жолымен жүру керектігін, бағдаршам ережесін, автобус толық тоқтаған соң шығу және кіру керектігін түсіндіріп беруде.
Сондай-ақ, Қармақшы ауданына қарасты Ақжар, 3-интернационал, Қызылтам елді-мекендеріне бекітілген учаскелік полиция инспекторлары да ауылдық округтердегі мектеп оқушыларына жолда жүру ережелері жайлы құқықтық түсіндіру жұмыстарымен айналысуда.

Қармақшы АПб ЖПҚб

08 қыркүйек 2021 ж. 978 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 327
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 1 771

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 92

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930