» » Жол ережесі туралы не білеміз?

Жол ережесі туралы не білеміз?


Қоғам үшін баланың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі – ең басты байлық. Сондықтанда білім беру ұйымдарында жолда жүру ережелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Осыған орай, 2022 жылдың ақпан айының 14-23 күндері аралығында Республика төңірегінде «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара аясында барлық мектептегі білім алушыларға және мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілеріне «Жолда жүру ережесі» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзса, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетіні салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер жол-көлік оқиғасына ұшырап, арты қайғылы жағдайларға әкелуде.
Балаларға жолда жүру ережелерін үйрету – ата-ана мен үлкендердің тұрақты, үздіксіз жұмысы. Балалар өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, оларды жол жарақаттарынан сақтау үшін алдымен жолда, көшеде жүру ережелерін, жолда жүру тәртібін үйретуіміз керек. Үйде ата-ана, мектепте мұғалім, мектеп инспекторы бар балаларға жол ережелерін үнемі айтып үйретіп отырсақ, балалар жол апатының алдын алар едік.
Осы тақырып аясында Қармақшы ауданының Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Абдрахманов Рақымжан Абдрахманұлы Жосалы кентіндегі №183 мектептің бастауыш сынып оқушыларымен тәрбие сағатын өткізді.

Қармақшы АПб ЖПҚб

17 ақпан 2022 ж. 1 210 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031