«Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде
Балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу, көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрысына байланысты дағдыларын нығайту мақсатында 2022 жылдың ақпан айының 14-23 күндері аралығында ауданымызда «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Шараның басты мақсаты – мектеп жасындағы жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алып, оқушыларға жол жүру ережелерін таныстырып қана қоймай, оларды жол жүру қауіпсіздігін сақтауға дағдыландыру, сондай-ақ балалардың жарақат алуы мәселелеріне жүргізушілердің, ата-аналардың назарын аудару.
Байлығымыз – балалар! Келешегіміз де сол бүлдіршіндер. Ал олардың алаңсыз білім алып, қауіпсіз өмір сүруіне әрқайсымыз жауаптымыз. Сондықтан отбасында ата-ана, мектепте ұстаздар, ал жол бойында полиция қызметкерлері балаларымыздың санасына жол жүру ережелерін ұдайы сіңіріп, бағыт-бағдар беріп отырғаны абзал. Өйткені, сақтықта қорлық жоқ.
Естеріңізде болсын: бала «жол ережесіне» өз ата-аналарынан және басқа да үлкендерден алған өнегесі арқылы үйренеді.Сондықтан, сіздің жолдағы үлгілі тәртібіңіз арқылы сіздің және басқа да балалардың жол ережесін сақтап, әр түрлі жол апаттарынан сақ болуына өз ықпалыңызды тигізесіз.
Қармақшы АПб ЖПҚб