» » «Қауіпсіз демалыс»

«Қауіпсіз демалыс»

2019 жылдың 3 маусым күні №275 орта мектебі жанынан ашылған «Жұлдыз» жазғы тынығу лагері оқушыларымен «Қауіпсіз демалыс» тақырыбындағы ІІМ қызметкерлерімен кездесу өткізілді. Мақсаты-балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру, жолда жүру ережесін білуге, есте сақтауға үйрету, жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу. Жол белгілерін айыра білу дағдыларын қалыптастыру. Балалардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың өмірімен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін себептер мен жағдайларды анықтап, қалай жою керек жолдарын түсіндіру. Кездесуге жалпы саны – 25 оқушы қатысты. Кездесу барысында, Қазақстан Республикасы ІІМ Байқоңыр қаласы өкілдігінің әкімшілік полиция бөлімінен келген жол және техника инспекция тобының лейтенанты Мурзагалиев Едельбай Жардимович балаларға жол ережелерін және қауіпсіздікті қалай сақтау керек екендігін түсіндірді. Сондай-ақ, жазғы демалыс кезіндегі өрт қауіпсіздігі мен судағы қауіпсіздік және жолда жүру ережелері тақырыбында әңгіме жүргізіп, балалардың көкейкесті сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, 3 маусым күні №275 орта мектебі жанынан ашылған «Жұлдыз» жазғы тынығу лагері оқушыларымен «Жолаушы - жол ережесін сақтайық!» тақырыбында сурет салу сайысы, "Көңілді ноталар" караоке шоуы мен ұлттық ойындар бойынша спорттық жарыстар өткізілді.

03 маусым 2019 ж. 3 936 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (10293)

09 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930