ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАЙЫҚ
Осы орайда Төтенше жағдайлар департаменті, Төтенше жағдайлар басқармасы және ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері қаламыздағы «Арай-Санрайз» лагері әкімшілігімен бірлесіп «Балалардың жазғы демалыс кезеңіндегі өрт қауіпсіздігін сақтау ережелері» атты ашық сабақ өткізді.
Мұндағы тынығушы балаларға тәрбиешілер – Ердібек Мадияр мен Тәуекел Сәрке сақтық шаралары туралы кеңінен айтып берді. Аталған сабақтың мақсаты – балаларды өрт қауіпсіздігінің басты ережелеріне үйрету, өрт сөндіруші мамандығы туралы мағұлмат беру болды, - дейді мамандар.
Сабақ барысында сонымен қатар балалардың сіріңкемен және басқа да жеңіл тұтанғыш заттармен ойнауы қайғылы жағдайларға әкеп соқтыратыны айтылды. Өрт өр салғанда не істеу керектігі түсіндірілді.
Ашық сабаққа 180 оқушы белсене қатысты, олар берілген тақырыпқа сай викториналық сұрақтарға жауап берді. Барлық қатысушыларға 200 дана жадынама таратылды.