» » БӘРІ БАЛАЛАР ҮШІН

БӘРІ БАЛАЛАР ҮШІН

Ақтөбе ауылындағы №109 орта мектеп жанынан ашылған «Балдырған» жазғы тынығу лагері ашылды. Балалардың жазғы демалыс күндерін тиімді өткізуді мақсат еткен шараға ауыл әкімі, лагерь басшысы, ата-аналар мен мұғалімдер қатысты.
Тынығу лагерінде 25 баладан екі ауысым бойынша елу бүлдіршін тынығады. Демалыс орнында алты тәрбиеші, тәлімгер, музыкант, екі дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі жұмыс істейді.
– Әрбір бүлдіршін – елдің болашағы. Сол себепті мемлекет тарапынан беріліп жатқан сан түрлі қолдаудың нәтижесінде осындай жағдай жасау – біздің парызымыз. «Ұлым» деген ел болғанда, айдарынан жел есіп, «елім» деген ұлдарымыз қалай болмасын?! Балғындардың сапалы білім алып, жазғы уақытын тиімді пайдалануымыз керек, – деді ауыл әкімі О.Мұнарбаев.
Жазғы тынығу лагері барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілген. Лагерь басшысы Қ.Сәденов балалар тек демалып қана емес, бойдағы өнерін шыңдап, бір-бірімен тәжірибе алмасатынын да жеткізді.
– Демалыс орнында бала тек тамақтанып, ұйықтап қана қайтпайды. Әрбір күн бір-біріне ұқсамайтын өзгеше болу керек. Түрлі шаралар ұйымдастырамыз. Әнші де, биші де, қолөнерші де бар мұнда. Өзара сайыс ұйымдастырып, уақытты көңілді өткізуіне жағдай жасаймыз, – деді ол.
«ҚТ» ақпарат.
07 маусым 2018 ж. 3 178 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 073
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 285

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031