Жазғы демалыс
Оқушылардың жазғы демалысын және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, жазғы лагерь жұмысын тиімді ұйымдастыруға әдістемелік көмек беру, күндізгі тынығу лагеріне тиісті санитарлық - эпидемиологиялық талаптармен таныстыру мақсатында Қармақшы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 16 мамыр 2018 жылы №30 мектепте "Мейірімді жаз-2018" тақырыбында семинар өтілді.Семинарға аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандары, төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары, мектеп директорлары, тәрбие ісінің меңгерушілері, медбикелер, күндізгі тынығу лагерінің директорлары, азпаздар, шаруашылық меңгерушілері қатысты. «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу білім беру обьектілеріне санитарлық-эпидемиологиялық талаптар», "Тамақтан улану жағдайлары, жұқпалы аурулар" тақырыбында аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшы орынбасары Г.Тасбергенқызы, "Қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын аудан әкімдігі аппаратының бас инспекторы Н.Түйебаев, өрт, су қауіпсіздік ережелерін қамтамасыз ету» тақырыбында төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау лейтенанты Е.Ешмағанбетов, «Жазғы демалыс уақытында жасөспірімдердің құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында аудандық ішкі істер бөлімінің ЖПҚ-ның ювеналды полиция қызметінің полиция инспекторы полиция капитаны А.Саукеев, «2018 жылы балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын ұйымдастыру мен өткізу жайлы» тақырыбында аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Тоқшылықова, «№79 мектептің мектеп жанындағы күндізгі «Балауса» тынығу лагерінің ерекшеліктері» тақырыбында №79 мектептің директоры С.Әбікенова, «Жазғы уақыттағы «Жас толқын» аулалық клуб жұмысының маңызы» оқушылар үйінің оқу-тәрбие ісінің орынбасары Р.Жақанова сөз сөйлеп, алдағы мәселелер талқыланды.