» » » ЖЫРАУЛЫҚ ДӘСТҮРДІ ЖАҢҒЫРТҚАН АЙМАҚТЫҚ ӨНЕР МЕРЕКЕСІ

ЖЫРАУЛЫҚ ДӘСТҮРДІ ЖАҢҒЫРТҚАН АЙМАҚТЫҚ ӨНЕР МЕРЕКЕСІ

Қазақтың жыраулық өнері – ұлт руханиятының асыл қазынасы, рух пен жігерді оятатын мәңгілік мұра. Осы киелі өнерді ұлықтап, ұрпаққа аманат ету мақсатында облыстағы Нартай Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында Сыр сүлейі, жырау Сәрсенбай Бөртебайұлының туғанына 125 жыл толуына арналған «Сәрсенбай сазы» атты аймақтық жыршы-жыраулар фестивалі жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. Аудан әкімдігі мен облыстық халық шығармашылығын дамыту орталығы бірлесіп өткізген бұл мерейлі шара – өткенді ұлықтап, бүгінгі руханият кеңістігін байытқан ерекше мәдени оқиға болды.
Фестиваль шымылдығын облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Жанмұрат Сейілов ашып, жыр дүлдүліне арналған игілікті шарамен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ол өз сөзінде Сыр бойының жыршылық мектептері мен жыраулық дәстүрдің тәлімтәрбиелік маңызын атап өтіп, мұндай бастамалардың жас буын үшін зор рухани мектеп екенін жеткізді.
Жыр көшін бастаған Ақтөбе қаласынан келген Демеубай Жолымбетов, Сыр елінің талантты жыршы-жыраулары Ақмарал Ноғайбаева, Берік Саймағанбетов, Шолпан Бимбетова, Руслан Ахметов, Гүлжамал Бейісова, Көптілеу Қосбармақов, Назерке Жақсығұлова, Амантай Сәрсенбаев, Айгерім Ешбаева, Айдос Рахметов, Әділхан Қуаңбаев, Марат Сүгірбай, Жәнібек Жақсан, Ақерке Шоңбаева, Талант Балтабай сынды өнерпаздар жыр маржандарын төгіп, сахна көрігін қыздырды.
Сонымен қатар, Сәрсенбай жыраудың тікелей ұрпақтары – Майра және Жауһар Сәрсенбаевалар мен Амантай Қуатжанның сахна төрінен әулет өнерінің саф үлгісін көрсетуі көрерменнің ыстық ықыласына бөледі. Жыр тербеткен кеште әрбір өнерпаз өз мектебінің ерекшелігін, өзіндік мәнерін танытып, Сыр бойының сан қырлы дәстүрін айшықтай түсті.
Кеш соңында ауданның Құрметті азаматы, қоғам қайраткері Сәпен Аңсатов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, сондай-ақ Сәрсенбай жыраудың ұрпағы Бақытжан Ержанов сөз алып, жыр мерекесінің маңызын атап өтті. Олар Сәрсенбай Бөртебайұлының шығармашылығы – руханияттың сарқылмас бұлағы екенін, жыраулық дәстүрді бүгінгі заманға жеткізу – үлкен міндет әрі мақтаныш екенін жеткізді. Фестивальға қатысқан барша өнерпаз арнайы Дипломдармен марапатталды.
Ел мәдениетінде өзіндік өрнегі бар Сәрсенбай Бөртебайұлы – Сыр мектебінің көрнекті өкілі, жыраулық өнердің асқақ тұлғасы. Оның артына қалдырған жыр мұрасы, адамгершілік өнегесі, рухани өсиеті – бүгінгі ұрпаққа бағыт-бағдар беретін бай қазына. Жыр кешінің өзегі де – осы асыл аманатты жаңғыртып, болашаққа табыстау еді.
Қобыз сазымен қоңыр даланы тербеген Қорқыт баба дәстүрінен бастау алған жыраулық өнер – қазақ руханиятының мәңгілік шамшырағы. Бұл өнер жыр шаңырағын биік ұстап, елді бірлікке, ізгілікке үндейді. Осындай игілікті шаралардың өткізілуі – мәдениетіміздің дамуына, жыр мектебінің жаңғыруына тың серпін берері анық.
Сәрсенбай Бөртебайұлының асыл мұрасы, оның сазына әрленген жырлары – халық жадында мәңгі жасай бермек.
Ерсін СӘДУҰЛЫ

10 желтоқсан 2025 ж. 72 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 044
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 712

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031