Сәрсенбай сазы

К.Рүстембеков атындағы жыраулар үйінде аудан әкімдігінің қолдауымен, жыраулар үйінің ұйымдастыруымен киелі мекенде жапырағын жайып, жыр арнасында ізін қалдырған Сыр сүлейі, ақын, жырау Сәрсенбай Бөртебайұлының туғанына 120 жыл толуына арналған "Сәрсенбай сазы" атты облыстық жыр фестивалі өтті.
Жыр фестивальді аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Еркінбек Ерсұлтанов ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Фес тивальге ақынның ұрпақтары арнайы қатысты. Оған жыршы-жырау лар аралдық Айбек Тәңірбергенов, Қызылорда қаласынан Руслан Ахметов, Әділхан Қуаңбаев, мұрагер ұрпақтары Амантай Сәрсенбаев, Майра Сәрсенбаева, Сағынай Амантайқызы және қазалылық Марат Сүгірбайлар Сәрсенбай жырау мақам-саздарын нақышына келтіре орындады.
Фестивальге қатысушыларға аудан әкімдігінің арнайы алғыс хаттары мен сыйлықтар табыс етілді. «Сәрсенбай сазы» атты жыраулар фестивалінің негізгі кейіпкері жырау, ақын Сәрсенбай 1900 жылы Қармақшы ауданы, Ақжар (Бозарқаш) елді мекенін де дүниеге келген. Қарапайым күн кешкен Бөртебайдан үш ұл тарайды. Үлкені Ермахан – ауыл ақсақалы, әңгімешіл, ұтқыр, та уып айтатын. Ортаншысы Дүйсен – жыршы-жырау. Оның даңқы кезінде Орал, Астрахань, Ташкент, Қарақалпақ аймақтарына жеткен өнерпаз болған. Кенжесі Сәрсенбай аға жолын қуған. Ол өзіндік әуен, тың мақамдарды дүниеге әкелген өнерпаз. Заманында Сыр бойында қалыптасқан әуен мақамдарды өзінше сұлулап, бояуын өзгертіп, жаңа иірімдер мен сұлу, нәзік әуенді құрап кейіннен «Сәрсенбай мақамдары» деген әуен-мақам мектебі үлгісін қалыптастырған. Сәрсенбайдың мақам үлгілерін орындау қиын, оны кішкентай кезден бастап құлағына құйып өскен талантты өнер иесі болмаса, тыңнан орындап кету, күрделі де қиын иірімдер болғандықтан, орындаушыға үлкен еңбек пен құмарлық арқылы ғана жеткен, орындаған.
Сәрсенбайдың екінші бір қыры ал дындағы, заманы бір шайырлардан өзге өзінің төл шығармаларын өзі орын дап насихаттаған. Оның «Мақпал қыз», «Жүсіп-Ахмет», «Мұңсыз хан» дін тақырыбында жазған «Әзіретәлінің құл болып сатылуы», «Қыр құсын оқиғасы», «Әзіретәлінің Мағауиямен соғысы», «Ақ болсаң да ант ішпе» атты дастандары дүниеге келіп, біздің дәуірімізге дейін жетті.
Сәрсенбай жыраудың ел арасындағы өнер адамы екенін, оның шығар маларының бұқара халыққа жағымды да қолжетімділігін тұстас ақындар мен ғалымдар да жоғары бағалап, тіліне тиек еткен. Әуелбек Қоңыратбаев, Мардан Бәйділдаев, Рахманқұл Бердібаев, Әлкей Марғұлан, фольклортанушы Әлімбай Әлиасқаров пен Қуаныш Баймағанбетов, Әскербек Рахымбеков, Асқар Кіре баевтардың Сәрсенбай жырауға арнаған жырлары мен зерттеу материалдары баспасөз беттерінде жарық көріп, халыққа насихатталды.
Сүлейлер мұрасы – қазақ мәдениеті тарихының алтын арқауы. Бұл – адамзат тарихының талай мыңжылдықтарынан бүгінге дейін өзіндік халықтық-ұлттық болмысын сақтаған қазақ сөзінің, әуезінің құдіретті көрсеткіші.
Қамар СӘРСЕНБАЕВА,
К.Рүстембеков атындағы жыраулар үйінің мәдени ұйымдастырушысы,
жырау ұрпағы
20 қазан 2020 ж. 1 169 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031