» » » Облыстық жыр фестивалі өтті

Облыстық жыр фестивалі өтті

К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінде ауданы әкімдігінің қолдауымен және Жыраулар үйінің ұйымдастыруымен киелі мекенде жапырағын жайып, жыр арнасында ізін қалдырған Сыр сүлейі, ақын, жырау Сәрсенбай Бөртебайұлының туғанына 120 жыл толуына орай "Сәрсенбай сазы"атты облыстық жыр фестивалі өткізілді.
Жыр фестивальді аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы  Еркінбек Ерсұлтанов ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Фестивальге жыраудың ұрпақтары арнайы қатысты. Сәрсенбай жыраудың ұрпағы ардагер ұстаз Балтабек Шүлтіков ағамыз сөз сөйлеп, тілегін білдірді. Фестивальде Аралдық жырау Айбек Тәңірбергенов, Қызылорда қаласынан Руслан Ахметов, Әділхан Қуаңбаев, Марат Сүгірбай және мұрагер ұрпақтары Амантай Сәрсенбаев, Майра Сәрсенбаева, Сағынай Амантайқызы Сәрсенбай жыраудың мақам-саздарын нақышына келтіре орындады.
Шара соңында қатысушыларға Қармақшы ауданы әкімдігінің арнайы алғыс хаттары мен сыйлықтар табыс етілді.

"Қт" ақпарат
17 қазан 2020 ж. 1 603 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 073
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 285

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031