» » » ЖЫР ЖҮЙРІГІ – ЖИЕНБАЙ ЖЫРАУ

ЖЫР ЖҮЙРІГІ – ЖИЕНБАЙ ЖЫРАУ


Қармақшы аудан әкімдігінің қолдауымен Асқар Тоқмағамбетов атындағы Қызылорда қалалық мәдениет үйінде Сыр сүлейі, жыраулық өнердің көрнекті өкілі Жиенбай Дүзбенбетұлының 160 жылдығына арналған «Жыр жүйрігі – Жиенбай жырау» атты облыстық жыршы-жыраулар фестивалі жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.

Фестивальдің салтанатты ашылуында мемлекет және қоғам қайраткері Бақберген Досмамбетов, Қармақшы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұршат Наурызбаева сөз сөйлеп, жыраулық өнердің тарихи және рухани маңызына ерекше тоқталды.

Фестиваль барысында республикаға танымал жыршы Әділхан Қуаңбаев пен Көшеней жыраудың ұрпағы Байбол Көшеней Сыр сүлейлерінің шығармаларын шеберлікпен орындап, көрермендердің ықыласына бөленді.

Жиенбай жыраудың ұрпағы, Мәдениет саласының үздігі, жырау Бидас Үрістембеков шәкірті, жырау Айгерім Ешбаевамен бірге «Көрғұлы» дастанын орындап, ұлттық жыраулық дәстүрдің тереңдігін тыңдарман қауымға ерекше нақышпен жеткізді.

Фестивальге қатысқан жыршы-жыраулардың шығармашылық еңбегі жоғары бағаланып, олар Қармақшы ауданы әкімінің арнайы алғыс хаттарымен марапатталды.

04 желтоқсан 2024 ж. 818 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 257
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 799

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930