» » » ҚАСИЕТТІ ҚАРМАҚШЫДА ҚАЛЫҚТАҒАН ӨНЕР

ҚАСИЕТТІ ҚАРМАҚШЫДА ҚАЛЫҚТАҒАН ӨНЕР

Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде өнерсүйер қауым көптен күткен ерекше шығармашылық кеш өтті. «Киелі мекен – Қармақшым» тақырыбында сазгерлер мен ақындар арасындағы облыстық байқау биыл да жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өңірдің талантты өнерпаздарын бір шаңырақ астына жинады.
Байқаудың басты мақсаты – туған жерге деген сүйіспеншілікті дәріптеу, өнер жолындағы жас буынға шабыт беріп, өңірдің рухани өмірін байыту. Сахна төрінде әр ауданнан келген дарын иелері өздерінің жаңа туындыларын таныстырып, Қармақшының қасиетті топырағына арналған жүрекжарды жырларын паш етті.
Шығармашылық сайыстың қорытындысы бойынша бас жүлдені қармақшылық Ләйлә Сүйінбаева қанжығасына байлады. Ал I орынды Сырдария ауданынан Махмуд Сақтапов, ІІ орынды жаңақорғандық Уәлихан Ибрагимов пен қызылордалық Ғайния Дауылбаева иеленді. Жүлделі ІІІ орынға аралдық Алдоңғар Қалқаман мен қазалылық Жұмагүл Байділдаева жайғасты.
Кеш соңында байқауға қатысқан барлық өнерпазға аудан әкімінің орынбасары арнайы Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар тапсырып, шығармашылық жолдарына толайым табыстар тіледі.
«ҚТ» ақпарат
09 желтоқсан 2025 ж. 513 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 076
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 287

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031