» » ТАЛАНТТАР ТОП ЖАРДЫ

ТАЛАНТТАР ТОП ЖАРДЫ

Бабадан мұра болған төл өнердің өркендеуіне, асыл мұрамызды өскелең ұрпаққа жеткізуде, салт-дәстүрді насихаттауда үйірменің үлес салмағы зор.Үйірмеге қатысушы өнер иелерін қолдау, шығармашылығын насихаттау мақсатында облыстық халық шығармашылығын дамыту орталығы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесе отырып аудандық мәдениет үйінде «Үздік үйірме жетекшісі – 2019» облыстық байқауы өтті.
Байқауға Қызылорда қаласы мен ауданнан іріктелген 16 үйірме жетекшілері, вокал жанры бойынша 7 өнерпаз, бейнелеу жанры бойынша 4 өнерпаз және халықтық орындау жанры қобыз аспабында орындау шеберлігі бойынша 6 өнерпаз қатысып, өзара бақ сынасты.
Байқау нәтижесінде вокал жанры бойынша бас жүлдені жерлесіміз, ау­дандық мәдениет үйінің Мәдени демалыс кешенінің меңгерушісі Ғалымжан Шакизада қанжығасына байласа, жүлделі І орынды Жалағаш ауданының өнерпазы Расул Байдулла иеленді. Ал ІІ орынды Шиелі ауданынан Айгүл Еркінбайқызы иеленсе, ІІІ орынға Жаңақорған ауданының өнерпазы Рашид Ертаев жайғасты.
Бейнелеу жанры бойынша бас жүлде Ақай ауылдық клуб үйінің жанынан құрылған сурет үйірмесінің жетекшісі Жайлау Байсаловқа бұйырды. І орынды Шиелі ауданынан Зухра Баймурзаева иемденсе, ІІ орынды Жаңақорған ауданынан Жандарбек Бектеміров, ІІІ орынды Жалағаш ауданынан Маралдым Әбдікерімова еншіледі.
Халықтық орындау жанры, қобыз аспабында ойнау шеберлігі бойынша бас жүлдені Шиелі ауданының өнерпазы «Нартай сазы» халықтық-фольклорлық ансамблінің жетекшісі Рысалды Қалым­бетоваға бұйырды. І орынды Қызылорда қаласының өнерпазы Жанат Бакирова иемденсе, ІІ орынды Сырдария ауданынан Қанағат Қуанышова, ІІІ орынды Жалағаш ауданынан Мейрамкүл Аманкелді иемденді.
Ақнұр САҒЫНТАЙ,
«Қармақшы таңы».

17 сәуір 2019 ж. 1 363 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10404)

17 мамыр 2025 ж.

№35 (10403)

13 мамыр 2025 ж.

№34 (10402)

10 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 782
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031