Құрылтай
» » » «БОЗТОРҒАЙ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНА ЖОЛДАМАНЫ ИЕЛЕНДІ

«БОЗТОРҒАЙ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНА ЖОЛДАМАНЫ ИЕЛЕНДІ

Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде ауданымыздың бүлдіршіндері мен жасөспірімдерінің шығармашылығына арналған ХХІ облыстық «Бозторғай» байқауының аудандық іріктеу туры өткізілді.
Конкурсты өткізудің басты мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің музыкалық шығармашылығын насихаттау, жаңа заманауи туындыларды жасауды жандандыру, жас таланттарды табу, оларға қолдау көрсету, мәдениет пен өнерді дамыту.
Конкурс вокал, хореография, халықтық орындау, аспапта ойнау, көркемсөз оқу жанрлары бойынша өткізіліп, оған 14 ауылдық клуб үйінен және аудандық мәдениет үйі мен әуез мектебінің үйірме мүшелері қатысты.
Байқауда бақ сынасқан өнерпаздарға тағайындалған қазылар алқасы төрелік етті. Жүзден жүйрік озған талапкерлер халықтық орындау жанры бойынша 10 үміткер, көркемсөз жанры бойынша 6 үміткер, ән жанры бойынша 10 үміткер, би жанры бойынша 6 би топтары облыстық байқауға жолдама алды.
13 наурыз 2019 ж. 2 229 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 602
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 063

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31