» » » Гүлфариза жүлделі оралды

Гүлфариза жүлделі оралды

Таяуда Жаңақорған ауданында облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы мен Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Нұрлы Астана» атты көркемсөз үйірмелері мүшелерінің облыстық байқауы өтті. Сайыста жерлесіміз Гүлфариза Кеңшілікова жүлделі ІІ орынды еншіледі.
Байқауға әр ауданнан және қалалық мәдениет үйлері жанынан құрылған «Көркемсөз оқу» үйірмелерінің 14 мүшесі қатысып, бақ сынасты. Конкурсқа қатысушы талапкерлер 2 шарт бойынша өнерін ортаға салды. Бірінші кезеңде сайыскерлер Астана қаласы туралы танымал ақындардың өлеңін оқыса, екінші кезеңде еркін тақырыпта көркемсөз оқып, шараның шырайын келтірді.
Байқау қорытындысында бас жүлде жаңақорғандық Д.Ыдырысовқа бұйырды. І орынға сырдариялық Н.Ғабдуллаева қол жеткізсе, ІІ орынды жерлесіміз Гүлжазира Кеңшілікова иеленді. Ал ІІІ орынның жүлдесін қызылордалық А.Асылбек пен жаңақорғандық А.Әшім өзара бөлісті.
Нұркен Әлиасқаров
23 маусым 2018 ж. 3 064 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 805
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 505

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930