» » » ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖАРАДЫ

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖАРАДЫ

Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен ҚР Президенті Н.Назарбаев­тың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттауға арналған «Рухани жаңғыру – тарих тағылымы» атты мәдени-үгіт бригадаларының облыстық байқауы өтті. Онда жерлестеріміз топ жарып, үздік үштікті түйіндеді.
Байқауға әр ауданнан және қалалық мәдениет үйлері жанынан құрылған 7 мәде­ни-үгіт бригадалары қатысып, бақ сынасты. Қаты­сушылар арасында жерлестеріміз, ау­дандық мәдениет үйі жанынан құрылған «Өр­­леу» мәдени-үгіт брига­дасы көп­шіліктің көңілі­нен шығып, жүлделі ІІІ орынның биігін бағындырды.
Айта кету керек, шарада қармақшылық сайыскерлердің жаңа бағдарламамен көзге түсіп, ізденіспен келгенін ерекше атап өтті. Бағдарламада ауданның жағымды жаңалықтары, әсем әндер мен би қойылымдары, сонымен қатар телебағдарламалық ток-шоуы көрермен назарына ұсынылды.
Нұркен ӘЛИАСҚАРОВ,
аудандық мәдениет үйінің
аудандық мәдениет үйінің
мәдени ұйымдастырушысы.
19 маусым 2018 ж. 1 655 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 811
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 507

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930