ЖЫЛ ӨНЕРПАЗЫ

Сыр өңірінде талантты жастар баршылық. Соның бірі – Ғалымжан Шакизада. Ол аудандық мәдениет үйі жанындағы мәдени демалыс кешенінің меңгерушісі болып жұмыс істейді. Жас та болса өнер әлемінен ойып орын алған талант иесінің есімі аудан халқына кеңінен танымал. Сегіз қырлы, бір сырлы өнерпаз көптеген спектакльде ойнап, көрермен көзайымына айналып жүр. Ол сонымен қоса, халық, эстрада әндерін нақышына келтіре орындайды. Көркемсөз оқуда да Ғалымжанның шеберлігі өзінше бір төбе. Көрермен қауымның қошеметіне бөленіп жүрген дарынды жасқа ұқсағысы келіп, еліктейтіндер де жоқ емес. Биылдың өзінде Ғ.Шакизадаұлы мәдениет саласына қосқан елеулі еңбегі үшін бірқатар салалық марапаттарға ие болды. Атап айтар болсақ, ауданда өткен облыстық жастар форумында «Жас дарын» номинациясын иеленсе, «Өнерлі отбасылар» фестивалінде аудан әкімінің алғыс хатымен мадақталды. Жақында Ғалымжан еліміз бойынша өткен «Мен қазақпын» мегажобасының облыстық кезеңінде «Дәстүрлі ән» жанры бойынша бақ сынап, лауреат атанды. Көсегесі өнермен көгерген мәдениет қызметкері ұжымда сыйлы әріптес болса, отбасында балаларының ардақты әкесі. Ол өзі ғана емес, жанұясын да өнер жолына тартып, сахна сырына баулуда. Ғалымжан үшін үстіміздегі жыл табысты болды. «Талант – тас жарады», – дейді қазекем. Талантымен талайды тәнті еткен өнерпаздың алар асуы мен шығар биігі әлі алда.

03 қаңтар 2019 ж. 1 345 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 192

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 146

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 308

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930